+1 дауыс
31.5k көрілді
Ауа райына қатысты бес қонақ дегендi естимiз. Сол бес қонақтың шығу тарихы бар ма? Белгiлерi қандай, қай уақытта, қай күнi келедi?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақ «бесқонақ сәуірдің сегізіне кіріп, он сегізіне шығады» деп есептейді. Және бес алты күн әрі-бері ауытқуы мүмкін екенін айтады. Қалай болғанда да сәуірдің осы бастапқы екі он күндігінде бесқонақ ырымдауға тиіс. Ауа райы бұзылып, қарлы жаңбыр не бірыңғай жауын жауады. Аяқ астынан күн суытып, қыс қайта оралғандай болатын кездері де бар. Осыны білетін қазақ бұл шақты өлара деп әр кез сақ отырады. Жеңіл-желпі киініп алыс сапарға, жолға шықпайды. Малды тым ұзатып өрістетіп жаймайды.
Дегенмен қыс пен көктемнің осындай тоғысар шағындағы ауа райының бұзылуын іштей  тілейді, оны жақсылыққа жориды. Кей жылдары бесқонақ тыныш өтсе, бесқонақ биыл ырымдамады, жаз қалай болар екен деп алаңдайды. Көп жағдайда сол мазасыздануы бекер де болмайды. Айтқандай, жаз жауын-шашынсыз өтіп, жердің оты, астықтың шығымы бәсең болып жатады. Демек, бесқонақ — ауа райының қас-қабағын баққан қазақтың өмірден түйген сабағы. Оның алдамайтыны да содан.
Биыл да солай болды. Әңгімеміздің басында айтқан ресми ауа райын болжайтын мекеменің кызметкері айтып аузын жиғанша, сол аптаның сәрсенбісінен бейсенбіге ауған түні қалың қар жауып шықты. Адамдар ертеңгілік ұйқыдан оянғанда, осының алдындағы 20 градусқа дейін көтерілген жылы күндер ғайып болып, қыстың қайта оралғанын көріп, өз көздеріне өздері сенбеді. Қар жауып борап тұрды. Тіпті, одан кейінгі жұма, сенбі күндері  боран көтеріліп, бірнеше бағыттағы жолдарды жабуға тура келді. Көлік жүрісі уақытша тоқтатылды.
Қардың қалың әрі қапыл түсуі қалаға әбігер әкелді. Бірінші күні ертеңгілік көлік қатынасы едәуір ауырлады. Көпшілік адамдар жеке көліктерін автотұрақтардан шығара алмай, қоғамдық көліктерге отырды. Себебі олардың көпшілігі көліктерінің  дөңгелектерін жаздық жағдайға ыңғайлап қойған еді. Тек көлік емес, көпшілік  тұрғындар жаздық киімге де көшіп үлгерген болатын. Сондықтан қыстық киімдерді қайта іздестіру қажет болды. Көктемнің күні алдамшы екені рас. Бірақ қыс қайта түскендей жағдай болар, тон мен қысқы етік іздетер деген ой үш ұйықтаса түске кірмеген болуы керек.
Бұл күндері қаланың коммуналдық қызметіне көп жұмыс атқаруға тура келді. Тек бірінші күні көшеге қар тазалайтын 30 бірлік техника шығарылды. Қалың түскен қар көліктерге тиеліп, бірден далаға тасылды. Алайда ұдайы жауған қар коммуналдық қызмет саласының еңбегін еш қылып, қосымша жұмысты көбейтіп отырды. Синоптиктер тек бір түнде айлық нормадан артық ылғал түскенін айтады. Осындай жағдайда да қаланың комуналдық қызметі барлық күшті жұмылдыра отырып, қала көшелерінде қоғамдық көлік пен адамдардың еркін жүруіне жағдай жасады. Қоғамдық көліктердің іркілісі, аялдамаларда жүргіншілердің бөгелуі болған жоқ.
Ауа райын болжау мекемелерінің күн жылынып, жағдай жақсарады дегеніне қарамастан, бесқонақ әлі де созылып, күшін сақтап тұр. Міне, бесінші тәуліктен асып барады, күн салқын, жерде қар жатыр. Қаншаға созылады — айту қиын. Бір үміт кеше күннің көзі көрініп, сәл жылылық сезілгендей болды. Мүмкін, көп ұзамай күн райынан қайтар.
Жалпы, ауа райының мұндай құбылысы негізінен біздің облыстың аумағында болып тұрған сияқты. Ауа райын болжаушылардың хабарына қарағанда, биылғы бесқонақ Қазақстанның барлық өңіріне де ырымдады. Бірақ біздегідей суытып, қар тастамай, жай жауын-шашынды болып өтті. Ал біздің облыстың көпшілік аудандарына бесқонақ қарлы боранымен келді. Мәселен, Қобда ауданында жұма, сенбі күндері боранның күштілігі сондай, Ақтөбе бағытындағы жолды уақытша жабу қажет болған. Қалың қар жауып, боран-шашынға ұласуы Алға, Хромтау, Мәртөк аудандарына да көп әбігер әкелді. Кейінгі ширек ғасырда сәуір айында мұндай жағдай ұшыраспағанға ұқсайды.
Талай бесқонақты көрген үлкендердің өзі сәуірде мұндай ауа райының құбылысын кездестірмегенін айтады. Қарлы жаңбыр жаууы, бірер күн қар жатуы болатын еді. Бірақ мынадай ұзаққа созылғанын көрмедік дейді…
Бесқонақ — байырғы қазақ күнтізбесінде қолданылып келген, жыл айларынан тыс алынатын бес күн. Нақты астрономиялық жылдың ұзақтығы бүтін күн санымен өрнектелмейді. Ол жуық түрде 365,24 тәулік (яғни 365 күн 6 сағат) деп есептеледі. Тәуліктің ширегін жыл сайын күнтізбеге енгізіп отыру қолайсыз. Сондықтан қазіргі қолданылып жүрген Григорий күнтізбесінде бұл ширектерден 4 жылда 1 күн құралатындығы ескеріліп, әрбір 4 жылдың алдыңғы үшеуі 365 күннен, төртіншісі 366 күн болып алынған. Ал әрқайсысы 30 күндік 12 айдан тұратын қазақ күнтізбесінде 360 күн болды. Жыл толық болу үшін оған 5 (кібісе жылдары 6) күн қосу керек. Аптаға толмайтын осы 5 күнді қазақ халқы “Бесқонақ” деп атаған. Айлардан тыс алынатын мұндай күндер басқа халықтарда да болған. Мысалы, б.з.б. 4-мыңжылдықта Мысырда 360 күннен кейін қосылатын 5 күнді құдайлар атымен (Осирис, Гор, Сет, Исида және Нефтида) атаған. Ежелгі парсы күнтізбесінде қосалқы 5 күн “фәнджи” немесе “андаргах” (“ұрланып кіретін” не “кетікті толтыратын”) деп аталған. Фәнджи парсылардың 8- және 9-айының аралығына қойылған. Ежелгі соғда мен Хорезм күнтізбелерінде де қосалқы күндер болған. Байырғы қазақ күнтізбесінде “Бесқонақ” үнемі жыл аяғына қосылып отырған. Қазіргі күнтізбе бойынша “Бесқонақ” жыл сайын 17 наурыздан (кібісе жылдары 16 наурыздан) 21 наурызға дейінгі аралыққа келіп отырады
8-сәуірде бесқонақ басталады. Халық аузында түрлі аңызбен байланыстырылатын бұл кезде күн күрт суытып, жаңбыр жауады. Тіпті, көнекөздер боран тұрып, қар жауған кездер болатынын да жасырмайды. Бұл кезең қыс пен көктемнің өзара тоғысар өліара тұсы.

 Сондықтан, қыстың қайта қаһарына мінетін кездері де болады. Айта кетелік, табиғаттың мұндай құбылысы еліміздің жекелеген өңірлерінде ғана болады екен. Дегенмен, сақтық шараларын естен шығармай, алыс сапарға шығарда қауіпсіздік қағидаларын ескерген жөн.

 Серік Ықсанғали
 ТИТР: журналист
 Бұдан қорқып керегі жоқ, әшейін табиғи құбылыс жылда қайталанатын. Ертеде 5 адам жолаушылап сапарға шығып бара жатып, күн бұзылып, астындағы аттары өліп, өздері әупірімдеп аман қалған. Осыдан кейін БЕСҚОНАҚ атауы қалған деседі...))
0 дауыс
Бұл туралы аңыз да бар.Баяғыда бір ауылға 5 конақ жаяулатып,күннің ыстығымен рахаттанып 5 күннің ішінде жетеді екен.Олар сол ауылда 5 күн жатқаннан кейін қайту керек болады.Дәл сол күні күн кенеттен борап ауа-райы күрт өзгереді.Жанағы ауылдың адамдары оларға қала тұрыңдар десе олар тыңдамай 5 күн жолға шығады екен тағы.Жұрттың айтуы бойынша олар сол қайтыс болған деседі.Сонда қазіргі 5 күн келеді 5 күн болады 5 күн қайтады деген 5 қонақтың аңызы осылай болған-ды.
...