0 дауыс
19.3k көрілді
Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында қандай факультеттер бар? Толығырақ мәлімет беріңіздерші.

9 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық
өнер Академиясы

Құрманғазы атындағы өнер Институтында (қазір Консерватория) театралдық факультеті ашылған кезде 1995 жылдан бастап Академияның тарихы басталды. 1977 жылы оның базасында Алматы театралды-көркем институты құрылды. Ректор Г.Жанысбаеваның (1978-1985 жж.) басшылығымен отандық ғылым, мәдениет және өнердің профессорлары А. Тоқпанов, Р. Г. Рутковская, Т. Наурызбаева, А. Құлбаев, Д. Тұранқұлова, М. Омарбаева, Е. Сегізбаев, Д. Сүлеев, Д. Арынғазиева, Г. Жұмағалиева және т.б. сияқты талантты қайраткерлері театралдық факультеттің бірінші ұйымдастырушылары және педагогтары болып табылады.

1979 жылы студенттердің бірінші жиынтығын іске асырған көркем факультеттің ашылуы Академияның тарихында мәнді белес болып қалды. Факультеттің бастауында атақты суретшілер мен бейнелеу өнерінің қайраткерлері орын алады. Дипломдық спектакльдерді дайындап, шығару үшін оқу театры ашылды.

1989 жылы 28 қантарда Қазақ ССР Министрлер Кеңесі институтқа мәдениет пен өнердің дамуына үлкен үлес қосқан Қазақстандағы Халық ағарту комиссары Темірбек Қараулы Жүргеновтың атын берді.

1991 жылы институттың базасында екі арнайы жоғары оқу орны құрылды: Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты мен Қазақ мемлекеттік көркем академиясы. Өнер институтының танымалы түлектері: Ә.Әшімов, Ф.Шәріпова, С.Сейтметов, М.Жақсымбетов, С.Оразбаев, И.Обаев, М. Байсеркеұлы, В.Пусурманов, А.Сыгай, Г.Әспетова, Т.Жаманқұлов, Д.Жолжақсынов, Т.Мейрамов, Р.Рымбаева, Б.Атабаев, К.Сұлтанбаев, К.Тастанбеков, Т.Теменов, М.Өтекешова, Г.Қазақбаева және т.б.

ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес бұрынғы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты мен Қазақ мемлекеттік көркем академиясының базасында Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы құрылды. Оған “Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы” ерекше мәртебесі берілді.

Академияда 6 факультет бар: 1) театр өнері және эстрада факультеті; 2) кино және теледидар факультеті; 3) хореография факультеті; 4) сұңғат және мүсін өнері факультеті; 5) декоративтік өнер және дизайн факультеті; 6) өнертану факультеті. Мамандардың дайындығын академияның 26 кафедрасы жүзеге асырады. Академияның құрылымында өнер саласында оқып, тәрбиеленетін дарынды балаларға арналған мектеп пен колледж бар.

Профессор-оқытушылар құрамында 500 адам еңбек етеді. Олардың ішінде ҚР ҒҰА академигі, 16 халық әртісі және ҚР халық суретшілері, 21 ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаттары, 26 еңбек сіңірген өнер және мәдениет қайраткерлері, халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдардың 28 лауреаты, 40 жуық ғылым докторлары мен профессорлары бар. Академияда магистратура, аспирантура және докторантура ашылды.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Ресей, Эстония, Италия, Германия, Ұлыбритания, Қырғызстан, сондай-ақ бірқатар шетел жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатылған. ЖММИ, ГИТИС, РГТУ, Третьяковский галереясы, ММУ, “Эрмитаж” мұражайымен, Өнертану Институтымен (Ташкент қ.), Роттердам кинофестивальдық орталығымен (Голландия), американдық кинотанушылармен (“Кинокультура” интернет-журналы), Джалалабад ақпараттық технология университетімен (Қырғызстан), сондай-ақ А.Кастеев атындағы мұражаймен, “Қазақфильм” кинокомпаниясымен, Алматы Кино Үйімен, “Шәкен жұлдыздары” фестиваль орталығымен, мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мұрағатымен, СОРОС-Қазақстан қорымен, ҚР барлық театралдық ұйымдарымен байланыс орнатылып, ынтымақтастық дамуда.

Академияның шығармашылық іс-әрекеті барлық бағыттар бойынша нәтижелі жүзеге асырылуда. Соңғы жылдар ішінде 50 көркем, деректі және анимационды фильмдер шығарды, 200 фильм мемлекеттік тілге аударылды; 15 театралдық қойылым жүзеге асырылды; 40 жуық концерттер мен бенефистер жүргізілді; 16 хореографиялық композициялар жарық көрді. Академияның 70 жуық оқытушылары мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, халықаралық, республикалық фестивальдар мен байқаулардың дипломанттары болып танылды.

Академияның жанында жеке және топтық көрмелер жүргізу үшін көркем галереясы ашылды. “Мен” эксперименталдық жастар театры әрекет етеді, оның репертуарына ұлттық және әлем драматургиясының пьесалары кіреді. Академияның эстрадалық-джаз оркестрінің репертуары қазақтың ұлттық өлеңдеріне, күйлеріне, дәстүрлі және қазіргі джаз аранжировкаларына, эстрадалық өлеңдеріне бай.

Академия өздерінің дарынды және талантты түлектерін мақтан тұтады, олардың ішінде КСРО Халық әртісі – 2, ҚР еңбек сіңірген әртісі - 56, ҚР Халық әртісі – 28, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері – 14, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауареаттары – 8 адам.
Рақмет мәлімет бергеніңізге!
Тағы сұрағым келгені әнші және жүргізуші екеуі қатар болатындай факультет бар ма? Театрға қатысты емес.
0 дауыс
Салеметсизба? Бул оку орнында грим салу факультетi барма?Бар болса окуга калай туссе болады, и оку канша жыл,окудын жылдык акысы канша, жане грат барма бул мамандыкка.
бұл мәліметті оқу орнының сайтынан біле аласыз
0 дауыс
Сәлеметсіз бе? Менин балам 11 жаста театр да және де әзил сықақ театрында ойнагым келеді деп қызығады. Ол ушин Мен кайда және ким ге барып жолыгауыма болады.
0 дауыс
Əншілік барма 10 нан киін түсуге болама
0 дауыс
Салеметсиздерме? Мен онер факултетине актер мамандыгына тапсырсам болама жасы
0 дауыс
Мен 11 ді бітірдім биыл Соған Т.Жургенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясына Актёр факултетке түсем болама ол үшін нестеуім керек өтініш айтып
0 дауыс
Ассалаумагалайкум мен 11-битирдым аншликке бару ушын калай стеу керек?
0 дауыс
Ассалаумағалейкум құрметті оқушылар мен тыңдармандар Мен қазір 11 сынып оқұшысымын. Алла буйрса 11 бітірген соң осы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына түскімкеледі. Ал факультет ке келетін болсақ, əншілік жағынан оқығым келеді. Енді менің сурағым: мен осы өнер академиясына түсу үшін Қазақ əдебиетпен қандай пəн таңдауға болады? Сонымен осы Универге түсу үшін ҰБТ тапсырамызба? Немесе қалай болады? Сол жайнда толық мəлімет бере кетсеңіздер. Вацап 87087687808 осы арқылы вацапқа хабарлассаңыздар болады. Алдын ала рахмет. Алла риза болсын.
0 дауыс

Осы академияға түсу үшін қай пәндерді таңдау қажет?

...