Ұлықпан Жолдасов «Заман» тобын құрды
Қазақ эстрада өнерінің жарық жұлдызы, әсем әндері мен тамаша сазды шығармалары тыңдаған жанның жүрекқылын шертіп, көңіліне қуаныш ұялататын талантты композитор, әнші, өзіміздің жерлесіміз, Маңғыстаудың және бүкіл қазақелінің мақтанышы, Ұлықпан Жолдасов жақында «Заман» атты топ құрып, жаңа жобаны қолға алған болатын. Енді таяу күнде, нақты айтар болсақ, 2 қарашада Ақтау қаласында өзінің «Мені ойла» атты сазгерлік ән кешін өткізгелі отырған халқының сүйікті әншісіне жолығып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісуін, жаңа жобасы туралы әңгімелеп беруін өтіндік. Бүгін сол сұхбатты, қымбатты оқырман, сіздердің назарларыңызға ұсына отырып, Абай атындағы мәдениет сарайында өтетін тамаша ән кешінен қалыс қалмаңыз дейміз.
- «Заман» тобын құрудағы басты мақсатыңыз не? Топтың әншілері жайлы не айтасыз? Оларды газет оқырмандарына таныстырсаңыз.
- Жаңа жобаны қолға алудағы мақсатыма келетін болсақ, мен өзім экспериментті жақсы көретін адаммын. Тоқтармен де, Саятпен де, «Каспий» тобымен, Ғаділбек, Нәбимен біраз жұмыс жасадым. Енді тек өзімнің әндерімді айтатын топ болса деп армандап жүргенде «Құланның қасынуына-мылтықтың басылуы» дегендей осы екі жігіт тап болды. Бір жағынан өзімнің продюсерлік шама-шарқымды білейін деп барымша жұмыстанудамын. «Заман» тобында да халық алдында ұятқа қалмауға тырысудамын. Топтың әншілеріне келетін болсақ, Ерген Айтымбетов 1984-ші жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, «Ұзынкөл» елді мекенінде туып өскен. Беріректе Атырау қаласына келіп осы жерде өнер көрсетіп тұрақтағанына 8 жылдан астам уақыт бопты. Нұрмұқан Жантөрин атындағы облыстық филармониясының әншісі болып жұмыс жасады. Ал Әсет Қарабалин 1986-шы жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, «Қоныстану» селосында дүниеге келген. Ол да Нұрмұқан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясында жұмыс жасаған. Жылдың басында жігіттермен Атырау қаласында кездесіп, олардың даусын естіп, сол жерде Алматыға алып кету туралы шешім қабылдадым.
- Жаңадан құрылған топтың репертуарында қандай әндер бар? Топ қандай бағыттағы әндерге көбірек көңіл бөлетін болады?
- Репертуар туралы айтарым, топ өзім жоғарыда айтқандай менің әндерімді орындауда. Топтың бағыты поп-рок.
- List item
- «Заман» тобын бүкіл қазақ еліне танытып, әр аймақта концерттер беру ойыңыз бар ма?
- Әрине, бар. Құдай қаласа, қараша айының 2-сінде Ақтау қаласында болатын өзімнің композиторлық кон-цертімде «Заман» тобының тұсауы кесіледі одан кейін Атырау, Орал қалаларында және де алдағы уақытта бүкіл қазақ жерінде осы бағдарламамен концертіміз жалғасады.
- Лұқпан аға, өз шығармашылығыңыздақандай жаңалық, өзгерістер бар? Әнсүйерқауымды қандай жаңа әндеріңізбен, сазды шығармаларыңызбен қуантасыз?
- Өзіме келетін болсам, жаңа әндер жазылуда. Сонымен қатар композиторлық және продюсерлік мүмкіндігімді шыңдаудамын.Әнсүйер қауымды туған жерімде болатын концертіме шақырамын. Сол концертте көп сұрақтарға жауап табылатын болады.
- List item
- Қазақ эстрадасының қазіргі жай-күйіне Сіз қандай баға берер едіңіз? Оның деңгейіне көңіліңіз тола ма?
- Қазіргі қазақ эстрадасы жақсы жағына көп өзгерді. Қазір жаңа толқын жас әншілер келе жатыр. Жаман жағы да, жақсы жағы да бар. Өнерге кездейсоқ келгендер жаймен тазарып, сахнадан ысырылып қала береді де, нағыз таланттылар сахнада қалады деп ойлаймын. Бұл ұзақ әңгіме. Бұл бөлек сұхбат. Көңілім толмайтын жерлері көп, бірақ қазақ эстрадасы сонша жаман деңгейде емес.
- List item
![description][1]
![description][2]
[1]:
[2]: http://fotohost.kz/out.php/i488484_a5f30593aa2435941d9b12ee69fac215.jp