Билл Гейтс
Гейтс, Билл (Вильям Генри III) (1955 жылы туған) — Форбс журналы бойынша әлемдегі екінші бай адам, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы және бұрыңғы президенті. Онымен бірге «Майкрософт» туған еді. Әлемдегі ең бай адам, Билл Гейтстің жеке байлығын есептеудің мағынасы жоқ. Ең биік шыңында ол 120 млрд. долларға дейін жеткен еді. «Майкрософт» акцияларына биржалық бағалардың ауытқуына байланысты Гейтс санаулы секундтар ішінде миллиардтарын жоғалтып, қайта жасады. Мемлекет «Майкрософтпен» сотта- сады, президенттер Гейтсті құрметпен қабылдайды. Алайда қазір ол ақша табудан гөрі, жоқшылықпен күреске ақшасын жұмсауға ерекше мән беруде. Гейтс өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсы тек $10 млн. алады. Қалғаны – оның кенже баласы – қайырымдылық қорының еншісіне тиеді. Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93%-да орнатылған. Монополияға қарсы комитеттің талабы бойынша Президенттіктен бас тартқан Билл Гейтс қазіргі кезде компанияның басқарушыларының бірі және бағдарламалық қамсыздандыру өнімдерін дайындау бойынша бас инженер болып табылады. Сонымен қатар, ол компания акциялары бөлігінің үлкен үлесінің иесі. Бүгінгі таңда ол 40,7 миллиард доллардың иесі және Forbes тізімінде байлығы бойынша 1-ші орынды алады.