Бурж Халифа немесе Бурж Дубай (араб.: برج خليفة) - Дубайда орналасқан әлемдегі ең биік ғимарат. Оны 2010 жылы 4 қаңтарда Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашед Әл Мақтұм салтанатты жағдайда ашты. Салтанатты рәсімді тікелей эфирден 2 миллиардтан астам телекөрермен тамашалады. Бүкіл әлемге «Дубай мұнарасы» ретінде танылып келген нысан ресми ашылғаннан кейін Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның құрметіне «Бурж Халифа» деп аталатын болды.
Биіктігі 825 метрге жететін бұл мұнара әлемдегі ең биік және ең көпқабатты құрылыс, ең биік тұрғын үй ғимараты және әлемдегі ең биік тамашалау алаңы бар нысан (мұнараның 124-ші және 160-шы қабаттарда тамашалау алаңдары орналасқан) санаттары бойынша бірінші жүлде алып отыр. Мұнараның төменгі қабаттарында «Армани» отелі орналасатын болса, 19-шы және 108-ші қабаттардың аралығында 900 апартамент, ал одан жоғары қабаттарда корпоративтік кеңселер орналасатын болады.
Осыған дейін адам қолымен жасалған Тайуандағы 508 метрлік мұнара әлемдегі ең биік мұнара деп саналып келген болатын.
Дубай мұнарасы мыңдаған жұмысшының қолымен бес жыл бойына тұрғызылып, оған 1,5 миллиард доллар қаржы жұмсалған екен.
<a href="http://image.kz/"><img src="
title="" alt="" /></a>