0 дауыс
1.5k көрілді
Батыста 14 наурыздан бастап Көрісу мейрамы басталды. Тек батыста тойланатын Жасын құтты болсын деп тойланатын бұл мейрам жайлы кімде қандай пікір бар? Басқа өңірлерде неге көріспейді?

2 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Еліміздің батыс өңірі (Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары ) Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Наурыздың 14-інде бұл аймақтарда кішілер үлкенге сәлем бере барады, аға буын төс қағыстырады. Мұны батыстықтар «көрісу» немесе «амал мейрамы» деп атайды.

Бұл – батыс жұртшылығы үшін көнеден қалыптасқан мереке. Амал – мал тұяғы көкке, адам аузы аққа ілінген, жер бусанып, қар еріген шақ. Бұл күні көпшілік құшақтарын айқастырып, бір-бірімен қол алысады, төс түйістіреді. Мұны «көрісу» деп атайды. Әр үй жеті шелпегін пісіріп, дастарқанын жайып қояды. Ата-баба рухына дұға бағыштайды. Қарттар амал мейрамын айдың толуымен байланыстырады. Ертеректе 14 наурыз – айдың бір жаңасы деп есептелген. Дегенмен ғалымдар арасында қазіргі күні түрлі пікірлер айтылып келеді. Бірі бұл Оңтүстік Сібір түркілерінен келе жатқан дәстүр десе, тағы бірі Григорян күнтізбесіне енгізілген өзгеріспен байланыстырады. Кейбір деректер бойынша, мұны Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша көрісу (яғни қауышу) күні деп атайды. Қалай болған күнде де, бұл салт иманға, жақсылыққа негізделген.

14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір –біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Кішкентай балаларға аналары шағын пакет ұстатып қояды. Бала қай үйге көрісуге кірсе, сол үйдің дастарханынан ауыз тиіп, бауырсақ, тәттілерден пакетіне салып алады. Қазақ қашанда дастарханын айрықша қастерлеген. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.


Ардақ өзіңнің де бір жасың құтты болсын,көрісу мың жылға ұзарсын,амандықта болайық достар!
0 дауыс
Басқа өңірлерде көріседі, бірақ олар тек Кіші Жүздер, яғни Қазақтың Батысының да, Шығысының да, Оңтүстік, Солтүстігінің де ырым-жырымдары әр-түрлі, Кіші Жүздерде Жаңа жыл 3рет болады, мысалы!!!
...