0 дауыс
10.5k көрілді
Сұрақтың жабылу себебі: керекті жауабымды алдым!

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен сізге бір оқиғаны айтайын
*Мұсылмандардың басшысы Омар   өз халқына әмір берді ."Сүт сататын болсандар оған су қоспаңдар деп" Содан өзі бір куні халқының ішін аралап келе жатып шаршап бір үйдің жанына келіп отырды.Сол кезде үйден анасы мен кызының әнгімесін естіп қалды.      Анасы:  -Қызым мына сүттерге су қосып  көбейтіп сатайық деді, Ал қыз болса:  -Анашым біздін басшымыз су қосып сатуға тыйым салды ғой деді, Анасы: -Қызым кәзір ол көріп тұрған жоқ қой деді. Сол кезде қыз айтты:- Анашым Омар көрмеседе Аллах көріп тұр ғой Аллахтан қорқайық деді,Осы әнгімені естіген мусылмандардың басшысы кыздың тәрбиесіне,тақуалығына разы болып ,оны өзінің баласына келін қылып алып беріпті*
Енді сіз ойлап қараңыз Егерде Омар сіз айтқан *Шешесіне қарап қызын ал* деген мақалды ұстанса әлгі қызды өзіне келін қылып алмас еді.Бірақта бала мен қыздың тәрбиелі болып текті ұрпақтан болуына ананың басты рөл атқаратыны белгілі
+3 дауыс
Шешесіне қарап қызын ал.
Ия бұл мақалдың мағынасына үңіліп қарайтын болсақ, расында шындық дүниеден алынған. Мен бұған толықтай келісемін. Мынадай мақал бар."Шешесіне қарап қыз өсер, әкесіне қарап ұл өсер" деген. Анасы қандай адам болса оның кіндігінен шыққан қызда сондай болады. Анасы қызына қандай ақыл айтса қызы  соны орындайды. Одан асып ешқайда кетпейді. Көбіне ата-ана баласының тарбиелі, өнегелі, білімді, таза болғанын қалайды. " Ұяда не көрсен, ұшқанда соны ілесің деген". Және де қыз-анаға,ұл-әкеге қарап өседі!Жалпы айтқанда бұл мақалға соншалықты сенемін!
0 дауыс
50 пайыз сенеміз. Шешесінде тәрбие болмаса қызында қайдан болсын. Шешесіндегі барлық қасиеттер сүті арқылы нәрестесіне беріледі ғой. Сосын байқасаңыз көп жағдайда анасы толық қыздар, келіншек болған соң олар да толып кетеді.
ал мен оның сүтін ембеген болсам ше?
Сүтін ембесеңіз, туылғанға дейін ішінде жатып қоректендіңіз ғой.
иа ал жақсы рахмет
0 дауыс
Шешесі қандай болса қызы да сондай деген мағынада, яғни ұқсамаса тумағыр  дегенге де келеді!!!
0 дауыс
Бірақ кей кездерде анасына мүлдем ұқсамайтын қыздар да болады ғой
+1 дауыс
Мен толықтай келісе қоймаймын, себебі өмірде анасы бір қателік жасап өз ортасына немесе қоғамға қадірсіз болып қалуы да мүмкін ғой , ал қызы мүлдем керісінше болсашы?  айтеуір біздің Қазекеңнен сөз қалғанба  осы мақалға керіссінше мынадай мақал тағы бар жақсыдан жаман туады еш керекке алғысыз, жаманнан жақсы туады адам айтаса нанғысыз дегендей!!! әйтеуір осы атам қазаққа таң қалам адамды ойландырып тастайды, мақалдың екі жағында айтып кеткен де!!!
+1 дауыс
Мен өз басым көп сенбеймін..Өйткені әркімде әрқалай.Анасы жақсы бола тұрып,қызы оңбай қалғандар да бар,бұл қоғамда немесе керісінше.Ана қызын барынша тәрбиелі әдепті қылып өсіруге тырысады,бірақ қыз анасын тыңдамайтын санасыз болса,бұл мақалға үлкен күмән келтіресің.
+1 дауыс
ұяда не көрсең ұшқанда соны аласың демейтін ба еді..)Әркімнің санасына берсін,осы мақал 50 % рас,50 % дұрыс емес деп ойлаймын
...