*Алма кетті домалап
Көше бойын жағалап
Кім алманы табады
Сол ойыннан шығады*(giggle)
----------
*Өрік, алма, шие, алша.
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі.*
----------
*Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.*
----------
*Жапырақта тасалап,
Өскен жері бақша – бақ.
Күрең қызыл шіркін –ай,
Оның аты- құлпынай.*
----------
*Жүзім пісті бір-бірлеп,
Үзіп мәзбіз біз енді.
Қоңырауы күмбірлеп,
Қыркүйекте күз келді.*
----------