0 дауыс
1.1k көрілді

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Өз тәжірибемді алға тартар болсам, көк шәйді аса пайдалы дей алмас едім. Көк шәй денедегі шлактарды қатал шығарушы, сонымен қатар қан қысымын түсіруші де. Көк шәйді кімдер ішеді? Күніне ет жеп, тамақты асап тұып жейтіндер ішеді. Егер аш қарынға және аз тамақтанатындар үшін ол әлсіретуші, қан қысымын тым төмендетіп жіберуші.
Менің әкем салауатты өмір салтын ұстанушы болмаса да тамақты аз тұтынады. Көк шәй пайдалы дегенді естіп, бір кездері ылғи көк шәй ішіп жүрді, уақыт өте келе ол әлжуазданып, бет терісі де, денесі де салбырай азып бара жатты. Тез шаршайды, әлжуаз боп кетті. Бірақ оны көк шәйден көрген жоқ, оның көк шәйдан екенін біреу айтқан күні көк шәй ішуді доғарып еді арада 1 апта өтпей-ақ, көзі нұрдай жайнап шыға келді.
Байқайтын шығарсыз, дәрігерлер палаудан кейін көк шәй ішіңіз деп кеңес беретінін. Себебі күріш суды өзіне тарушы, сіңіруші. Денеңіздегі судың жарымын сіңіріп алатын болса онда сіз ауырасыз. Сол үшін де көк шәй ішуге кеңес береді.
Шындығында көк шәйдің пайдасы жоқ. Одан да дәріханаларда сатылатын немесе өзіңіз таудан теретін табиғи шөпшайларды ішіңіз. Мәселен, түймедағы, шалфей, сұлы сүті де пайдалы ғой.
Енді мына ойым ешкімге ұнамас, бірақ бұл менің пікірім, ойым.
0 дауыс
Қайдам? Солай айтып жүреді ғой адамдар. Деңсаулыққа да пайдалы дейді.
0 дауыс
Дәрігерлер солай дейді...
...