Достар Малайсары туралы информация керк болып тұр тауып бере аласыздар ма?

+1 дауыс
1.2k қаралым
• Санаты: Мектеп | 1.2k қаралым

1 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Малайсары батыр (шамамен 1700 — 1756) — Орта жүздің батыры әрі биі. Арғын ішіндегі бәсентиін руынан шыққан. Әкесі Тоқтауыл — батыр, балуан, анасы Мөлдір — қалмақ қызы, қарындасы Гауһар (Қабанбай батырдың әйелі) — ерлігі аңызға айналған қаһарман қыз. Малайсары Абылай ханның сұлтан кезінен сенімді серігі болған. Шоқан Уәлихановтың] жазуына қарағанда, Абылай хан Малайсарының батырлығын, ақылы мен қайратын жоғары бағалаған. Малайсары Ресейдің қоластына кіруге қарсы болған. Қазақ-қалмақ соғысын тоқтатып, екі хандық арасында бейбіт бітім жасау саясатын ұстанды. Ол жоңғарларға қазақтың елшісі болып барған. Қазіргі Павлодар облысы Май ауданындағы Малайсарының туған жеріне, Жоңғар Алатауының батыс сілеміндегі тауға Малайсары есімі берілген.
[Толық мәлімет][1]


  [1]: http://referaty-v.kz/%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%B9%D1%81%D0%B0%D1%80%D1%8B-%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%80

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
2.09.2024 • Санаты: Автосақтандыру Аноним сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
127,937 сұрақ
322,817 жауап
153,169 пікір
72,932 қолданушы