Бір қайыршы кісі балдағына сүйеніп, бағдаршамға тоқтаған автокөлік жүргізушілерінен қайырсұрап жүр екен. Қызық көріп, шәпкісінің ішіндегі тиындарын алақаштым. Бір қарасам, әлгі кісі ақсаңдап емес, кәдімгідей жүгіріп келеді. Құйын ба, дерсің. Мені басып озып кетті. Ол кісі қатты жүгірсе, екпінімен тоқтамай өтіп кетеді екен. Тормызы ұстамай ма... Бұрылып алып, қайта қуды. Барымды салып, қашып келемін. Құдай-ай, желаяқ қайыршының тиын-тебенінде нем бар еді! Қашыпкеле жатып, кілт тоқтадым да, бұғып отыра кеттім. Ол сол екпінімен мені аттап өтіп, алдында ештеңе жоқ болса да, аттап өтіп, аттап өтіп... Ыңқылдап отырғанымда, жаныма келді. - Сә-сәлеметсіз бе? - дедім мен. - Ей, бейшара, сен менен өткен қайыршымысың? Аяқ-қолың балғадай, менен қайыр сұрағанша, мен сияқты көшеде қайыр сұрап тұрмайсың ба? Сөйтіп, еңбек етпейсің бе? Күннің ыстығында алақан жайып жүру оңай шаруа деймісің? - Кешіріңіз... Мен жай, қызық көріп... - Мен де қызық көріп, алтын тістеріңді қағып алайын ба? Осы тұрған жеріңде өлімші етіп, сабайын ба? Біз сияқты қайыршылардың артында іздеушісі жоқ деймісің? Құдайға шүкір, біздің де «крышамыз», бәрімізді жұмысқа алған қожайынымыз бар! - Қайыршы болғың келсе, қожайынға ертіп апарайын, РНН, СИК, куәлігіңнің көшірмесі, үш те төрт фото суретің, псих, қотыр, есалаң емес екеніңді дәлелдейтін анықтама алсаң, жұмысқа орналасасың. Қайыр сұраудан түскен ақшаның қырық пайызы сенікі! Қалғаны қожайындікі... Келісесің бе? - деп сұрап тұр... - Мен... мен... - Бұрын қайыршы болып жұмыс істеп көріп пе едің? - Жоқ. - Онда бір ай сынақтан өтіп, тегін жұмыс істейсің... - Кешіріңіз, мен мұндай жұмысты қаламаймын... - Аяқ-қолы балғадай... Тепсе темір үзеді. Түсінбеймін... - деген қайыршы қайғырып тұрды да, қапа болып, кетіп қалды.