+2 дауыс
25.4k көрілді
Күнделікті өмірде жиі кездеспесе де, адам түрлі жағдай болуы мүмкін есінен талып қалса ол кісіге алғашқы қандай көмек көрсетеміз.

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Есінен танған адамнын бетінен ұрып, су бүркейміз, аяғын сəл көтеріп басына қан жібереміз, жейдесінін алдын ашып ылғал шүберекпен сүртеміз!

Есінен тану- бұл адамның маңайында болып жатқан жағдайларға әрекет етпей, сұрақтарға жауап бермей қозғалыссыз жату жағдайы.

Есінен тану кезінде саналы ойлауға жауапты ми бөлігі ажыратылады. Бұл кезде рефлекстерді, тыныс алу процессі мен қан айналымына жауапты ми бөліктері (атап айтқанда, сопақша ми) - жұмыс істейді.

Естен тану келесі жағдайларда болады:

- қанда оттегінің айтарлықтай жеткіліксіз болуы кезінде (немесе қан жетіспеушілігі кезінде);

- ми шайқалуы кезінде (ми бассүйекке соғылуы кезінде);

- күшті ауырсыну немесе нервті соққы кезінде.

Естен тануды келесілер тудыруы мүмкін: Қатты шаршау, қатты тоңу, дене температурасының қатты қызуы, ауада оттегінің жетіспеуі, қатты ауыртпашылық, терең эмоционалдық соққы, ағзаның сусыздануы (мысалы, қатты іш өту және құсу салдарынан), бас жарақаты, қан құйылуы, тоқ соғу немесе улану.

Көбінесе естен тану аяқ асты пайда болады. Көп жағдайларда адам ағзасы естен танудың алғашқы белгілерін береді, ол: бастың айналуы, жүрек айнуы, құлақтағы шу, күрт әлсіздік, көздің қарауытуы, суық тер басуы, сондай-ақ аяқ-қолдың ұюы. Адам ағара бастайды, оның жүрек соғысы әлсіреп, қан қысымы төмендейді. Содан кейін көз жабылып, бұлшық еттердің тонусы жоғалып, адам құлайды.

Есінен тану кезінде адамға қалай көмек көрсету керек?

1. Егер сіз, адам есінен танып бара жатқанын байқасаңыз – оның құлауына, егер құлаған жағдайда басын соғып алуына жол бермеуге тырысыңыз;

2. Есінен таннуға әкеп соққан факторды жоюға тырысыңыз (егер ол әлі де әсер етіп тұрса). Мысалы, адамды тынысы тар бөлмеден алып шығыңыз, немесе терезелерді ашыңыз, одан қуат астындағы сымдарды алыстатыңыз және т. б.;

3. Адамды жерге жатқызыңыз. Оны отырғызуға болмайды! Оттегінің ағзаға түсуін қамтамасыз ету үшін жағасың ашып, белдігін босатыңыз. Басының астына ештеңе қоймаңыз, оның аяқтарын біраз жоғарылау орналастырыңыз. Бұл миға қан ағынының жетуін жеңілдетуге қажет;

4. Оны бетінен соққылап, суық су немесе нашатырь спирті секілді сыртқы факторлар көмегімен санасына әкелуге тырысыңыз. Нашатырь спирті болмаған жағдайда сірке қышқылына батырылған мақташаны қолдаңыныз;

5. Егер санасы оралмай жатса тыныс алу мен тамыр соғысының бар болуын екі саусақты мойынға қойып тексеріңіз (ұйқы артериясына);

6. Тыныс алуы және тамыр соғуы жоқ болған жағдайда - жасанды тыныс алу және жүрекке массаж жасаңыз;

7. Тыныс алуы және пульсі бар болса, адамды бір жақ жанына жатқызыңыз. Бұл адам құсқан жағдайда тұңшығып қалмауы үшін қажет;

8. Жедел жәрдем шақырыңыз.

Есінен тануды мидың қорғаныш реакциясы ретінде қабылдауға болмайды (ессіз жатып дем ала тұрсын дегендей). Есінен тану кезінде мидың талшықтарында қайтымсыз өзгерістер болуы мүмкін. Сондықтан, мүмкіндігінше адамды санасына тез қайтару керек.

Жиі адам есінен танғаннан кейін, оған көп адамдардың көңілдері аууына байланысты қымсынып, одан әрі көмектен бас тартады. Сізге ол адамды қараусыз жалғыз қалдырмау керек, өйткені естен тану қайта қайталануы мүмкін.

+4 дауыс
Естен танып қалған жағдайда нашатыр спиртін мақтаға 2-3 тамшы тамызып, мұрнына иiскету, сосын су бүрку.
+3 дауыс
Есінен танып қалған адамға су бүркуге немесе су ішкізуге болмайды. Есінен таңған адамды жерге жатқызып аяғын жоғары қаратып қояды. (орындыққа немесе сол сияқты заттарға) Және шу көтермеу қажет. (паника жасамау дегенді қалай түсіндірерімді білмедім) Бірден көзіңді аш, тұр деп жұлқылауға болмайды.
+3 дауыс
Естен талып қалған жағдайда оны жатқызып,бетіне 1 шелек суды шашы жіберу керек!
+1 дауыс
Естен тану жағдайында адамның не себепті тАлып қАлғанын анықтау қажет.Мысалға күн өткен жағдайда көлленке жерге аПарып , бетіне су бүркіп немесе нашатыр сПирін иіскету қажет/ Ешқандай паника жасамаңыз!!!
...