Өлең ішнде қандай әдеби теориялық ұғымдар кездеседі? Эпитет, қайталау, теңеу т.с.с

0 дауыс
8.8k қаралым
Қызы едің Ыбекеңнің, Балқадиша,

Бұралған белің нәзік тал - Қадиша.

Жиылған осы тойға қалың қыздың,

Ішінде қара басың - хан, Қадиша.

Дегенде, Балқадиша, Балқадиша,

Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша,

Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,

Боларсың қандай жанға жар, Қадиша.

Баласы Ыбырайдың Балқадиша

Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша

Бір түгіл екі жеңге келіп тұр ғой,

Рұқсат бізден сізге бар, Қадиша.
• Санаты: Кітап, Әдебиет

2 жауап

+2 дауыс
Бұл жерде қайталау бар Балқадиша,Қадиша деген есімдерден!
0 дауыс
Теңеу-кейіпкер бейнесін ашудағы көріктеу құралдарының маңызы.Затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым.

Портреттің негізгі міндеті — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. Портрет кейіпкерге қарап отырып салынады, кейде көмекші материалдарға (көркем, ауыз әдебиеті, түрлі тарихи деректерге, т.б.), естеліктерге сүйене отырып та ойдан туындайды.

Диалог – (гр. διάλογος) екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.

Диалог - ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысы жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Диалогиялық байланыс процесс диалогтің бір жағы ғана басқаның көзқарасын игеріп қоймайды, сонымен бірге өзінін идеяларымен дамытады және байытады, оны анықтайды, түзейді, жақсартады.

Диалог – екі адам арасындағы сөйлеу әрекеті (егер сөйлеушілер екеуден көп болса онда полилог деп аталады). Монологтан айырмашылығы диалогта сөйлеумен қатар тыңдау механизмдері қатар жүреді

Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз.

Мақал – толық аяқталған ой бөлігі, онда тәжірибе жүзінде дәлелденген белгілі бір тақырыптағы тәлім-тәрбиелік ой, қағида көрініс табады
сәлеметсіз  бе осы адеби теориялық ұғымдарды кай сайттан алдыңыз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,776 сұрақ
322,351 жауап
153,150 пікір
72,811 қолданушы