+1 дауыс
3.6k көрілді
мен кофені қатты жақсы көрем. Кофе қан қысымды көтеріп жібереді оны білемін. менің Қ.Қ 90/60 менімше бола береді.  Құрамы жағынан қандай зияны бар кофенің? (coffee)

3 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Кофе

Кофе— тропиктік кофе ағашының тұқымы (кофе бұршағы немесе дәні), сондай-ақ олардан дайындалатын өзіндік дәмі бар жағымды хош иісті сусын. Кофе дәнінде: клетчатка, азотты заттар, кофеин, қант, май, минералды тұздар бар. Құрамында кофеин мөлшерінің көптігіне байланысты табиғи кофеден жасалған сусындар орталық нерв жүйесін қоздырады және сергітеді. 1 шай қасық ұнтақ кофеде 0,07-0,1 г кофеин бар. Дені сау және қан қысымы төмен адамдардың еңбек қабілеттілігін арттыруға, жүрек қызметін күшейтуге осы мөлшер жеткілікті. Кофе сондай-ақ, ішкі секреция бездерін де қоздырады. Нерв жүйесі өте сезімтал, жүрегі ауыратын, қан қысымы жоғары, нашар ұйықтайтын адамдарға тым қою кофе ішуге болмайды. Сондай-ақ асқазаны ауыратындарға да кофенің зияны бар. Дені сау адамның өзіне де кофені көп ішуге болмайды. Әсіресе кофені ұйықтар алдында ішпеу керек. Кофе шикі, қуырылған, ұнтақталған, никориймен араласқан күйінде сатыл алады. Кофенің шикі дәндерінен сусын дайындауға болады, оны шойын табаға қуырып, ұдайы араластыра отырып, қоңырқай тартқанша баяу жанған отқа ұстайды. Кофе дәндерін үйде кофе уатқышпен майдалауға болады. Кофе ұнтақ күйінде тез бұзылады, хош иісін жоғалтады, сондықтан ұнтақ кофені, қуырылған кофе дәндерін қақпақты шыны не қаңылтыр ыдыстарда сақтаған жөн. Сусынды жаңа ғана тартылған дәннен жасаған тиімді.
рахмет Айсара.))))))
0 дауыс
Сұрақ қайталанып отыр
оны оқыдым маған толықырақ мәлімет керек. 1-2 ауыз сөз емес))))
+1 дауыс
http://www.infoportal.kz/kaz/news/novosti-uralska-i-zko/zdorove/kofenin-paydasy-men-ziyany

Ұқсас сұрақтар

...