+1 дауыс
3.1k көрілді
кеше бір кітаптан көп ойланатын адамдар бақытсыз болады дегенді оқыдым, сіздердің осы жайлы естігендіріңіз бар ма?

14 жауап

+1 дауыс
Сонда салмақты адамдар ма??! Керісінше, олар көп ойланып, толғанып алдын ал бәрін ойластырады. Бақытқа жол табады.
бірақ көп ойланатын адамдардың тұйық болып кетуі де мүмкін ғой, адамның әр іске көп ойлануы өз өзіне сенімсіздіктің де белгісі ма деп ойлаймын
сонда өмірден түңіледі демекшісіз бе?
Белгісіз
түңіледі деу қиын, бірақ өмірден кейбір нәрселерге қолымыз жетпей жүргендіктен, кейбір орындалмас армандарымыз болғандықтан ойға шомамыз емес пе соны айтқым келген еді. Негізі бұл өз басымдағы жағдай, басқалары олай болмауы да мүмкін әрине
Дүниеде оиланбайтын адам болмайды.. мысалы казір сіз осы сұраққа жауап таба алмас едіңіз егер ойланбасаңыз. және менің  ойымша (меніңше) деп сөз басталмас еді.
менің ойымша бұл сұрақ "Уайымшыл адамдар"- деп жазылғаны дұрыс болар еді. өиткені ойшыл деген Философ деген соз емеспе.................
+2 дауыс
қайдам. Мен оған келіспеймін. Ешкім "мен бақытсызбын" деп айтпайд деп ойлаймын. Бақыт деген бірде бар бірде жоқ нәрсе ғой. Біз қолдағы бақытты сезіне алмаймыз, ал өзімізде жоқ бақытты іздейміз. Мысалы """Көп ойланатын адамдар бақытсыз болады дейді""" деп айттың я енді мүлдем ақыл есі дұрыс емес адамның қасында ол әлде қайда бақытты. соны түсіну керек. Просто ол ҚҰдайдың берген сыйын дұрыс бағала алмайды.  Әркім әр түрлі бақытты сезінеді. Бақыт деген осы өмірге келгенің ғой солай түсіну керек. Жастайынан қыршын болғаннан Құдай сақтасын
0 дауыс
Ойланып жасаса неге бақытты болады керісінше БАҚЫТ сондай адамдардың табанынын астында!!!!
0 дауыс
Бақыт туралы ойланудың өзі БАҚЫТ емес пе???
+2 дауыс
мен мысалы көп ойланам. анау не? ол неге олай? сәл басқаша болса қайтеді?  Мені бәәәәәрііііііі қызықтырады. Тылсым дүние, құдай, өмірлік сұрақтар.. тағысын тағы... Көбіне үйде папам екеуміз спорить етеміз де отырамыз. Ал анам інім ондай типтен емес. олар көп ештеңеге бас  ауыртпайды. Меньше знаешь,крепко спишь мақалын алға тартады. Кейде папам екеуміз,мүлдем басқа ешкім түсінбейтін темаларды қозғаймыз. Бірақ онымыздан түк шықпайды. Мен өзімдікінін дәлелдеп алек болам,ол өзінікін, сөйтіп көп уақыт өтіп кетеді. осындай кездері мамамыз қайтадан реал мирға алып келеді. ойымызды бөліп.  сондықтан мен ойлайм, арқашан көп ойламайтын мен көп ойлайтын адам қосылу керек деп, мысалы Кюрилер отбасы радиацияны зерттеп,ақыры содан өлдіғой. қандай дәрежеге жетті бірақ....

Бірде папам мынадай сұрақ қойды. маған бір қағаз алда, 4 өлшемді, яки 5-6 , 7 өлшемді кеңістікті сызып берш деді. Мен сыза алмадым. Өйткені біздің әлем,жалпы адам миы, тек 3 өлшемді  кеңістікті ғана қабылдайды.  
Олар қарапайым тілмен </a>ұзындығы,ені, биіктігі.</a>
<a href="http://image.kz/"><img src=" title="" alt="" /></a>

Үш өлшем бар:
Биіктік пен тереңдік
кеңдік (яки жазықтық)
Бұл үшеуін бағаламау-көзсіздік Һәм кереңдік....
Бірақ неге деген сұрақ тумайды ма сіздер де???????????????????????
+1 дауыс
Бұл тұжырымға мен келісемін. Себебі, бүгін тойға қандай киім киіп барамын деп бір ойлап, артынан анаған жағамын ба жақпаймын ба деп екінші ойлап, өзінің көңіл қалауымен емес, басқаның қалауын қалай табам деп ойланып кететін жағдайға болғанда осылай ойлаймын. Былайша, бір нәрсеге "байланып" қалатын адамдар бар ғой. )))

Таяқтың екі ұшы бар. Екінші жағынан, келіспейиін, ондай адамдар көп ойланса да, алға қойған мақсаты жоғарыда жазылған адамға мүлде ұқсамайды. Ол әрқашан кез-келген жағдайға тап болғанда, ойланып-толғанып уайымдап емес, осы жағдайынан қалай тез шығып кетудің жолын іздейтіндер деп ойлаймын.
+1 дауыс
Көп ойланатын адамдар бақытсыз болады дегенмен мүлдем дерлік келіспеймін,керісінше ойшыл адам түпкілікті шешіп,бақытқа жол ашады,яғни ойшыл адам ештеңеден сүрінбейді,жаңылыспайды!
+1 дауыс
Келісе алмаймын. Адамның бақытты болуы оның көп  немесе аз ойланатынына байланысты емес!!!
+1 дауыс
КӨП ОЙЛАНБАЙТЫН, ЕШКІМДЕ ЖҰМЫСЫ ЖОҚ, УАЙЫМЫ АЗ АДАМ БАҚЫТТЫ ДЕП АЙТА АЛАМ, АЛ КЕРІСІНШЕ ЖОҚ. КӨП ОЙЛАН - АЗ СӨЙЛЕ. КӨП ОЙЛАН - ЖОСПАРЛА. КӨП ОЙЛАН - ТЕК ЛУНАТИК ОЙЛАНСЫМАҚ БОЛМА. КӨП ОЙЛАН - ШЕШЕНДІККЕ БІР ҚАДАМ. КӨП ОЙЛАН - ОЙЫҢ ДАМИДЫ. КӨП ОЙЛАН - ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІҢ  ТӨМЕНДЕЙДІ. ӨЗ ТҮЙГЕНІМ.
+2 дауыс
Адам деген ұйықтап жатып та ойлана береді ғой, тек тек түшкіргенде ғана бір сәтке 1 секундқа ғана демалады екен ми. Сонда деймін-ау, адамдардың барлығы бақытсыз болғаны ма?
Бақытты ырым-жырыммен шатастырмаңыз
0 дауыс
Бұл жерде мәселе бақытты немесе бақытсыз деген ұғымның қалай қолдануы аясында болып тұр-ау деймін. Мысалы кейбір адамдар сол ойланумен өзін бақытты сезінеді, ал енді кейбіреулер керісінше. "Ой да көп,уайым да көп ойлай берсең, ой да жоқ.уайым да жоқ ойнай берсең"-деген бар емеспе, бірақ ойсыз өмір сүру мүмкін бе өзі? Онда біздің роботтан айырмашылығымыз не болғаны. Ой адамды алға жетелейді,ол қозғаушы күш. Ой болмаса адамзатта даму да болмас еді. Құдай одан сақтасын, ойсыз адамдардың халық арасындағы аты"Мәңгүрт"-деп аталады.
0 дауыс
Өз басым бұл сандырық.Адам ойланбаса,қалай адам болып жүреді? малдан айырмашылығы болмай қалмай ма
0 дауыс
мәселе не туралы ойланатынында шығар ........ жақсы ойлы азаматтар жақсы, ал жаман ойла адамдар белгілі ғой...
0 дауыс
Ой ма əлде уайым ба?
...