С витамині пайдасы.
С витамині жұқпалы аурулардан сақтайды, ауруға қарсы иммунитетті күшейтеді, ағзада көмірсу алмасуына қатысады. Отадан кейінгі жараның жазылуына көмектеседі, өмірде жиі кездесетін жүйкеге әсері бар стрестерді жоюға көмектеседі. С витамині қандағы холестеринді азайтады, қандағы түйіршектерді түзуге қатысады.
С витамині бар тағамдар:
Жас жеміс-жидек, барлық көкөністерде, апельсин, лимон, грейфрут, құрма, банан, сәбіз, салат, ең көбі қарақат пен итмұрында, бұрышта, кивиде, көк өрік, алма.
С витамині сәл қыздырса бұзылады. Темір препараттарының С витамині жақсы сіңірілуіне әсер етеді.
Е витамині
(Токоферол)
Майда еритін витамин
Ағзада атқаратын рөлі 1. Бұлшық ет және жыныс бездерінің қызметін жақсартады.
2. Ақуыз бен майдың ағзада алмасуына әсері бар.
3. Дем алғанда оттегі жетіспегенде ағзаны қорғайды, зиянды бос радикалдарды жояды. Осы қызметімен обыр ауруының алдын алады.
4. Иммунды жүйені қайта қалпына келтіруге жәрдемдеседі.
5. Миды оттегімен қамтамасыз етуге қатысады.
6. Жүрек етінің жұмысын жақсартады.
Кездесетін тағамдары: Соя майы, грек жаңғағы, сәбіз, қарақат, көк бұршақ, аскөк пен жасылша, жүгері, бидай өскіні, цитрусты дақылдар, өсімдік майы, кебек, қара нан, жұмыртқа, жас көкөністер, малдың бауыры, сүт пісте.
Ағзада жетіспегенде болатын өзгерістер: Атеросклероз ауруына әкеп соқтырады.
40-тан асқан соң бет, мойын, денеге көп әжім түсіп, қартаю белгілері пайда болады. Әйелдерде миома, мастопатия, киста пайда болады.
Тәуліктік ағзаға қажет мөлшері Тәуліктік ағзада қажет мөлшері – 2 мг.
әзірге осы екі дәрумен бар менде қаз қалғанын ізден көрейін