0 дауыс
3.2k көрілді

1 жауап

+1 дауыс
Қазақстандағы экологиясы ластанбаған жерді сұрңызшы. :) Ол Көкшетау өңірі, Петропавл жақ сияқты.

Маңғыстау облысында Қазақстандағы тұңғыш АЭС жұмыс жасады, Каспий (Әлемдегі ең лас көлдердің бірі), Қызылорда облысында Арал проблемасы, Байқоңыр, Шымкентте зауыт-фабрикалар көп деп естігенмін, Қарағанды облысында Сарышаған әскери зымырандар сынақ полигоны, Комір, металл зауыттары, Шығыстағы Семейде атомдық бомба сынақ алаңы болып келді қаншама жылб Өскемен-Семейді басып, Павлодарға жететін Ертіс өзені Қытайдан бсастау алады, ол жақтан лайланып келеді, Павлодар облысында ГРЭС (су электр станциясы), Алматы таудың баурайында орналасқан (кесенің ішіндегі қалаға ұқсайды сәл) ауа ластанған, себебі ауа тазалануы баяу, зауыт-фабрика, көліктер (бірақ ағаш көп ол жақта хехе)

Мына Сарыарқа бар ғой, пайызын ұмытып қалғаным-ай, бірақ өте көп жері өсімдікке жарамсыз болып қалған, коммунистсымақтарға тракторды беріп қойып бей-берекет жыртқыза берген. Біздің ата-бабаларымыз жақсы білген, егер ол жерге егін сияқты отырыңқы шаруамен айналысса аштан өлетінін. Бірақ түбінде бәрібір солай болды: академик, ғалым-бұтақбастарымен жабылып малдардың бәрін тәркілеп алып, сендерді нанмен тойдырамыз деп отызыншы жылдардың шамасында жаппай малды тартып алып егін егуге көшті. Бірақ Арқаның желі еккен егінді ұшырып әкетті де, өнім болмай қалды, ғалымдар қателесті. Жылдам жаппай ағаш егу қолға алынды желден қорғайтын. Осының кесірінен ірі аштық жылы басталды! Қазақтың үштен бірі аштан қырылып, физикалық аштықпен қоса, рухани аштық та орын алды. Қарның аш болса, қайдан мәдениет пен білім-ғылым жайында қалад. Онымен қоса репрессия келді.

Қазақтың жерінің асты толған байлық. Оны дұрыстап пайдалануға болады. Жалғыз мына Сарыарқаны алайық, астында мұнай, Арқадан Жамбылға дейін Уран бар (!), бетіне егін егеді. Сонда да, халыққа бензин қымбат, нан қымбат (!). Ия, жылап жібермес үшін қарқылдап күлуге тура келед, түнгі клубқа барып ыржалақтағаннан басқа вариант жоқ. :*)
Арал, Балқаш, Семей өңірлері
...