Қазіргі заманда ақшаның рөлі қандай?

+2 дауыс
1.8k қаралым
"Аузы қисық болсада байдың баласы сөйлесін" деген мақалға түсіне алмаймын. Сонда біз ақшасы бар адамдарды жоғары көтеріп, сыйлап жүруіміз керек па? қалай ойлайсыздар? Ол дұрыс па?
Тұлға, Адам

6 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап
Бұл мақал бұрыннан келе жатқан мақал ғой. Жалпы ытылым заманнан берi қоғамда бай адамның рөлi үстем болғаны тарихтан белгiлi. Кедей адамдар нан жеу үшiн сол байдың қол астында жұмыс жасап, құл болған.
Күзгi түн шөптiң басын қырау көмген,
Ызғар шашып бұлт мынау жерге төнген.
Қараңғы итпен бiрге мал күзетiп,
Мен ояу,ел ұйқыда оттар сөнген. - деп жырлаған Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңнiң алыбы болса да байдың малын бағып құл болған.Бай мен кедейдiң тең емес екенiн сол кезде түсiнген. Бүгiнге дейiн бай мен кедейдiң арасы алшақ болып келген болса,ендi одан да алшақтай бермек. Себебi, нарықтық экономика заманы осы екi араны алшақтататын заман, тек ақшаны ойлап, баюдың жолын ойлататын заман.(оған дәлел коррупцияның күштiлiгi) Елбасымыз айтты ғой халықтың 60%ы кәсiпкерлiкпен айналысқан уақытта экономикалық тұрақтылыққа қол жеткiземiз деп. Сол кезде бай мен кедейдiң арасы өте алшақтайды. Халықтың 40%ға жақыны кедейленiп кетедi. Дауысы ешкiмге жетпейдi,оларға ешкiм көмектеспейдi,олардың сөзiн ешкiм сөйлемейдi.
Сондықтан қазiрден бастап ақшаны ойлап, баю үшiн жұмыстана берейiк.))
Белгісіз
+3 дауыс
Енді сыйлап жүре десем артық болар, ал бай баласы сөйлесін деген ол қолынан іс келеді деген мағынада болар!!! яғни сіз қаншалықты ұтымды үтқыр ой айтқаныңызбен!!! оны орындауға мүмкіндігіңіз жетпесе  яғни  қаражатын болмаса, онда сіздікі құр далбаса болып қалады деген мағынада айтылған болу керек!!!
Белгісіз
""яғни қаражатын болмаса, онда сіздікі құр далбаса болып қалады деген мағынада айтылған болу керек!!!""" сонда бай адамдардың сөзі жүретің заман болғаны ғой
+2 дауыс
[Мына][1] жерде Ангелито  әдемі жауап беріпті..


  [1]: https://surak.baribar.kz/58062/
Соңда барлық мәселе ақшамен шешілетін болған ғой рахмет жауабыңызға
Оқасы жоқ...
+2 дауыс
қалтаңда ақшаң болса, енең шайды саған құйып береді дегенді бір апайдың аузынан естіп сенбеп едім, шынымды айтсам, менің бір ауылдағы ағамның машинасы жоқ, уйіде жоқ,тек ата-анасының үйі.  бірақ женгемнің қалада бөлек үйі бар және тумалары да бізге қарағанда бай турады,өз шаруашылықтары бар, женгемнің қолынан дым келмейді,бірақ неге екенін білмейм,менің ажем де, енесі де көп үндемейді, ал менің мамам оның абысыны ғой,кейде анасы -қызы болып шай ішкенде айтып отыратын, мен түскенде дым отырғызбайтын, бәрі ақшаның реті екен ғой деп)))
сол ғой қазір ақшаның заманы бәрі мойындайды. тек ең қиыны қарапайым адамдарға
+1 дауыс
Қазіргі заманда ақшаның үлкен роль атқаратыны өкінішті...( Шынымен де "Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін" дейтін заманда өмір сүріп жатырмыз. Кейде барлығын ақша шешетін сияқты болып көрінеді...(
соған қатты қиналам ғой. (((((((( ӨКІНІШТІ ҚАТТЫ ӨКІНІШТІ((((((((
Ээээх((( Мен де өкінемін...((
0 дауыс
“Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері” атты осы қурстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген.

Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша — ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол  тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.
жаубын сұраққа еш сәкес келмеді ғой. :)
127,678 сұрақ
322,184 жауап
153,247 пікір
72,701 қолданушы