Достар, Тұран жазығы туралы тауып беріңіздерші

+1 дауыс
40.5k қаралым
• Санаты: Мектеп

2 жауап

+2 дауыс
Тұран - Қазақстанның оңтүстігін батысынан шығысына дейін созылып жатқан кең жазық. Оған Маңғыстау, Үстірт, Торғай үстірті, Арал маңы, Сырдария бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймағы түгел кіреді. Жер бедері мен оның пайда болу тарихы жағынан біркелкі емес. Жер бедері мен геологиялық құрылысы. Аймақтың негізгі тұғырын палеозойда қалыптаскан эпигерциндік платформалық құрылым - Тұран тақтасы құрайды. Оның жер бедері мен топырақ жамылғысы палеогендік карбонатты терриген жыныстары мен неоген-антропоген дәуірлерінің құмды, малта тасты моласса үгінділерінен түзілген. Маңғыстаудың аласа таулы өлкесі мезозой дәуірінде пермь-триас құмтастары мен әктастарынан, тағы басқа жыныстардың қосындыларынан түзілген. Ең биік тауы - биіктігі 350-450 м, ұзындығы 130 км болатын қаратау. Оның ең биік нүктесі - Бесшоқы (556 м). қаратау беткейлері шатқалдармен, жыралармен тілімделген толқынды қырат түрінде көрінеді. Тау жотасы ғана тік, жалаңаш, жартасты. Қаратаумен қатарласа оның солтүстігі мен оңтүстігінде солтүстік және оңтүстік Ақтау созылып жатады. Олар жоғарғы бор дәуірінің әктасынан тұрады. Ақтау деп аталуы да осыдан. Биіктігі 300 м шамасында. Ақтаудан оңтүстікке қарай қыратты жартылай шөлді Дала басталады. Ол түгелдей ұлутасты-оолитті әктастардан, Каспий жағасына таяу беті саз балшықтарынан түзілген. Олардың астында пермь-триас және одан да ежелгі дәуірлердің қатпарлығы жатыр (тереңдігі 2 - 3 км). Олардан төмен теңіз деңгейінен аласа бірнеше тұйық қазаншұңқырлар ұшырасады. Олардың ең үлкені - Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан. Маңқыстау түбегіндегі суларының көбі өте ащы, тіпті тұзды болып келеді. Маңғыстаудан Арал теңізіне дейін Үстірт қыратты жазыгы жатыр. Оның биіктігі 200-300 м. Ауданы 170 мың км2. Ұзындығы 600 км, ені 300-400 км. Үстірттің Қазақстанға солтүстік-батыс бөлігі ғана кіреді. Үстірттің жер бедері тегіс, ұлутасты-оолиттік әктасы мең тұзды мергель және саз араласқан ашық түсті әктастан түзілген. Әр жерінде көлді ойысты қазаншұңқырлар кездеседі. Олар құрғап, айналасын құм (Сам, Асмантай – Матай құмдары) басқан. Мұнда да өзендер жоқ.
Пайдалы қазбалары

Тұран жазығында пайдалы қазбалардан мұнай мен газ, құрылыс материалдары, ас тұзы, сода мол өндіріледі. Маңғыстау еліміздің мұнайлы аймағының бірі. Ондағы Өзен, Жетібай кеніштерінде өндірілген мұнай Қазақстаннан тысқары жерлерге де теңіз порттары арқылы тасымалдануда. Маңғыстауда және баска аймақтарда темір, мыс, фосфорит, марганец кендері ашылған. Торғай мен Іле аймақтарынан да қоңыр көмір табылған.
Климаты

Климаты жағынан Тұран жазығы құрғак континентті өлкеге жатады. Жазы ыстық, қысы суық. қаңтардың орташа температурасы солтүстікте-18°С, оңтүстікте -5°С. Қыста бұл аймаққа арктикалық ауа массасы мен Сібірдің суық ауасы жиі кіреді. Бұл кезде ауа температурасы -30°- 40°С-қа жетеді, шілденің орташа температурасы солтүстікте 22°С, оңтүстікте 29°С. Аңызақ желдер жиі соғады. Көктем мен күз ылғалдырақ келеді. Жалпы жауын-шашын мөлшері аздау, жылдық мөлшері 80-100 мм. Климаттың қуаңшылығы Тұран ойпатының шөл, шөлейтті табиғатымен тығыз байланысты.
Өсімдіктері

Тұран жазығы құрамындағы Торғай үстірті ғана құрғақ далалы және шөлейтті зонаға кіреді, ал қалған бөлігі түгелдей шөл зонасына жатады. Олардың топырағы мен өсімдік жамылғысы да осыған сәйкес дамыған. Торғайдың күрең қара қоңыр топырағында боз, бетеге, селеу, бидайық өседі. Оңтүстікке қарай жалғасқан шөлейтті дала ашық түсті қара күрең топырақты болып келеді. Мұнда жусанды, изенді өсімдік жамылғысы калыптасқан.
Тұранның шөлді аймақтары шөлдің солтүстік және оңтүстік типіне жатады. Шөлдің солтүстік типі солтүстік Арал маңында, Бетпақдалада, Мойынқұмда, Балкаш-Алакөл ойысында дамыған. Бұлардың қоңыр және сұрғылт қоңыр топырақтарында жусан мен сораң шөпті өсімдіктер өседі. Оларда Тұран түрлері мен Орта Азия және Орталық Азия шөлдеріне тән түрлер (қызыл жусан, теріскен, еркекшөп, жүзгін, жыңгыл, шағыр, итсигек, баялыш, сексеуіл, қара сексеуіл, қара жусан араласкан. Өсімдік жамылғысы шөлге карағанда құмды шағылдарда көбірек болады. Саздақты сорлар мен тақырлар көбіне жалаңаш келеді. Өзен атыраптарында аздаған шалғынды шөптер кездеседі.
Шөлдің оңтүстік типіне жататын Маңғыстау мен Сыр бойында cop, сортаңды топырақ дамыған. Оларда эфемерлер мен жусан, сораң шөптер өседі. Сыр бойында суармалы егістіктер мол. Тұранның негізгі аймактары мал шаруашылығын дамытуға қолайлы. Егістік жерлер Торғай өңірінің солтүстігінде ғана кездеседі. Қалған жерлер жайылымдар есебінде пайдаланылады.
Жануарлары
Тұранның саздақты шөлдерін ақбөкен, қарақұйрық мекендейді, Үстіртте үстірт қойы (муфлон) кездеседі. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, шағыл мысығы, қарақал мекендейді. Шөлді зонаға тән түрлерден қосаяқ, тышқан, кесіртке, құм тасбақасы, жылан да жиі ұшырасады. Іле өзені бойында ондатр жерсіндірілген. Табиғаты шөлді аймақ болғандықтан Тұран жазығының экологиялық жағдайлары тұрақсыз болып келеді. Мұнда аңызақ желдер көбірек болып, олар жердің шаңын аспанға көтеріп тұрады. Арал теңізінің тартылуы құрғаған теңіз түбінің тұзы мен сортаңы айналасын басып, жарамсыз ясерлердің көлемін ұлғайтуда. Мұндай жағдайлар жан-жануарлардың өміріне де қауіп төндіруде. Ақбөкендер мен қарақұйрықтардың қырылуы жиі кездеседі. Табиғатты осындай апаттардан қорғау мақсатында қорықтар ұйымдастырылған. Олар - Барсакелмес, Үстірт қорықтары.
Тұран ойпатын, оның табиғи байлығын шаруашылық мақсатына пайдаланудың проблемалары көп. Олар ауданда су тапшылығынан туындайды
0 дауыс
Ұзақ Қанат, осындай мектеп, университетке қатысты сұрақтарды  google.kz -тен-ақ іздеп тауып алсаң, болады ғой, негізі.
Егер таппасаң ғана , осы сайтқа  сұрақ түрінде қойғаның дұрыс болар еді ше.
Өнер адамы сізбен толықтай 99% келісемін,,,иәә шынында бірінші гугл атамыздан одан таппаса мына өзіміздің сүйікті сайтымызға сұрақ қоюға әбден боладыhttps://surak.baribar.kz/

Ұқсас сұрақтар

127,780 сұрақ
322,356 жауап
153,150 пікір
72,816 қолданушы