Мәні-мағынасы, ән-әуезі жоқ, жаттанды тақпақ айтып тұрғандай болып тұратын, 1-2 өлең айтып өзін жұлдыз санайтындарды жек көремін(оларды кім жақтырсын дейміз, бірақ сол жұлдызсымақтарды сүйіп тыңдайтындар қаншама). Жұлдыз жоқ жерде, жұлдыз аспанда. Жалпы ұнайтын әншілер мен ұнамайтын әншілер көп мен үшін, атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын.
Ең ұнамайтыны Жеңіс Ысқақова. Алмас Кішкенбаев, Ал Давай, Азия, Қарақат пен Алтынай, Бейбіт апайларымыздан басқа нәзік жанды әншілер ұнамайды.
Айта берсең көөп. Санына жетпейсің. Бір рет шығып жоқ болып кеткен жұлдыздар бар. Ал әндері ұялы телефон арқылы тарап, сахнаға мүлдем шықпайтын жұлдыздар да бар. (Олар өздерін өздері жұлдызбыз деп санайды) Қазір барлығының әуені де, дауысы да бірдей. Бірінің әнін бірі айтып жүре береді. Барлығының айтатын тақырыбы "Махаббат" Отан, туған жер, ата-ана туралы әндер жоқтың қасы. Ұнайтындар бар. Бірақ өздеріне қара пиар жасағанын естіген соң жиреніп кетем.
БҮРКІТ (Айбек)