0 дауыс
603 көрілді
ХVІ ғасырдың ІІ ширегінде өмір сүрген қазақ хандықтары?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
XVI ғасырдың екінші жартысында Сырдарияның орта ағысы бойындағы Отырар, Сауран, Сығанақ, Созақ, Йассы қалаларымен қоса отырықшы-егіншілік басталды. Түркістан аймағы Шайбани ұрпақтарының билігінде болған. Қазақ хандары мен сұлтандары осы қалаларды иелену жолында Темір, Шайбани және Шағатай ұрпақтарына қарсы күрес жүргізді. Ал Шайбани ұрпақтарының мемлекеті құрылғаннан кейін қазақтар қалалардан ығыстырылып шығарылады, дегениен де бұл аймақтарға шапқыншылық жасауын жалғастырып, олар сол қалалар үшін тұрақты күрес жүргізді. XVI ғасырдың екінші жартысында олардың Қазақ хандығына қарсы соғыс қимылдары кең көлемде жүргізді.

Тәуекел ханның 1594 жылы Москваға барған елшілігі оны «Қазақ ордасында нығайып алды, ал өзінің інісі жүр және бәрі бірге...»деп мәлімдеген. Тәуекел сол кезде өзінің інісін қалмақтардың қазақтарға тікелей жақын жерде көшіп жүрген бір бөлігін басқаруға қойған. XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан кетіп қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588 жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы қазақ-орыс келіссөздері, 1598-1599 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты оқиғалармен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек Қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды.

Хақназар хан туралы ешнәрсе айтылмайды, ал оның немере інісі Шығай қазақ ханы деп аталған. Шығай ханның тегі туралы мынадай меліметтер бар. 1569 жылы ноғай мырзаларына жіберілген Семен Мальцев IV Иван патшаға «Ақназар патшаның, Шығай ханзада мен Жалым ханзаданың және олармен бірге 20 хандазаның «қазақ орыс» Ноғайға келіп, соғыс болды» деп хабарлаған. Г.Ф.Миллер Сібір ханы Көшімнің бауыры Ахметкерейдің «Бұхармя князі» Шығайдың қызын алғаны туралы ертедегі татар аңызын келтіреді. Алайда Шығай онымен жау болған және бір жолы адамдар жіберіп, олар Ахметкерейді алдап шақырып алған да, оны Ертіс жағасында өлтірген.

Хақназар хан өлгеннен кейін Шығай өзінің Абдаллах ханға адалдығын дәлелдеу үшін Баба сұлтанға өз бетімен қарсы шыққан, өзінің болашаққа деген үмітін Абдаллах ханмен байланысты деп санаған.Қазақ ханы Шығайдығ шайбани ұрпағы, Орта Азияның билеушісі ІІ Абдаллах хан жағына шығуы ХVI ғасырдың екінші жартысындағы қазақ хандығының елеулі саяси оқиғалардың бірі болды. 1581 жылдың маусымда Шығай хан баласы Тәуекел сұлтанмен және басқа балалармен бірге Абдаллах ханның ауылына келді. Оның үстіне Шығай Абдаллах жағына 1581 жылы өткен, ал Абдаллахтың ресми түрде 1583 жылы ғана барлық өзбектердің ханы болған. Шығай хан өз жағына өткеннен кейін де Абдаллахтың тақ үшін күресте жоғарғы билікті кез келген уақытта иеленіп кете алатын бақталастары көбейді.

1582 жылдың басында Абдаллах хан Баба сұлтанмен оның жақтастарына қарсы кезекті Ұлытау жорығын жасады, ол бұл жолы табыспен аяқталды. Бұл жорыққа Шығай хан да қатысты. Шығай мен Тәуекелдің қудалануынан Баба сұлтан ноғайларға қашты. 1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды.Тәуекел Сыр өңірінің қалалары үшін күрес бастады. 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдаллах ханның әскерлері оңтүстікте шоғырланғанын біліп, Тәуекел Мауаранахрдың солтүстік аймақтарына шабуыл жасады. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, Самарқанд орталықтарға қатер төндірді.

Ташкент өңірінде болған 1588 жылғы көтеріліс сол кезеңдегі қазақ халқы тарихындағы маңызды оқиғалар тарихына жатады. 1594 жылы Тәуекел өзінің бодандығына қабылдауды өтініп, Федор патшаға Құл-Мұхаммедті елші етіп жібереді. Елшілік Тәуекелдің жиені Орз-Мұхаммедті орыс тұтқынан босату мақсатымен жіберілген болатын, ол 1580 жылы Көшіммен соғыс кезінде қолға түскен еді.

1595 жылғы наурызда елшіге патшаның грамотасы тапсырылды, онда Москва патшасы Тәуекелге қазақ хандығын өзінің патшалық қол астына алатынын хабарлаған және патша мен ханзадаларға оқ ататын қару жіберуге уәде етеді. 1598 жылы Тәуекел шайбани ұрпақтарының мемлкетіне шапқыншылық жасайды. Осы жылғы оқиғалар қазақтар үшін қолайлы болып шықты.Абдаллах өлгеннен кейін хандық саяси дағдарыс кезеңіне енді. Билік оның ұлы Абд әл-Момынның қолына көшті. Жаңа ханның жағдайы өте тұрақсыз болып шықты, сөйтіп оны 1599 жылы бүлікші әмірлер өлтірді. Абд әл-Момынның қаза табуымен шайбани әулеті билігінің күні өтті.1598 жылы тамызда шайбанилерге қарсы Тәуекел белсенді қимылын өрістетті. Тәуекел хан Түркістан мен Мауеренахр уәлаяттарын, ең алдымен Ақсиды, Әндіжанды, Ташкент, Самарқандты тура Мийанкальға дейін басып алып 20 мың адамымен інісі Есім сұлтанды Самарқандта қалдырды. Сөйтіп Тәуекел аз уақыт ішінде Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы алды.

Тәуекел хан мен Есім сұлтанның 1598 жылы Орта Азияға жорығын Мауаранахрдағы аласапыранды отырықшы егіншілік жазираларды тонап, көшпелілердің басқа да көптеген шапқыншылықтарының қатарында қарастыруға болмайды. Бұл жорық алдын ала жоспарланған. 1598-1599 жылдардағы оқиғаларға талдау жасай келе көшпелілер қаһарлы, күйреткіш күш ретінде көрінді. 1598-1599 жылдардағы оқиғалардың қазақ хандығы үшін елеулі нәтижелер болды. Олар Орта Азиядағы билеуші әулеттің алмасуына себепші болды.

Түркістаннан, Ташкенттен, Ферғананадан айырылу Аштархани мемлекеті үшін өте елеулі болды, сондықтан Аштарханилер XVII ғ. алғашқы он жылдықтарында бұл аймақтарды өз қол астына қайтару үшін үнемі жорықтар жасап тұрды, бірақ олар жалпы алғанда табысқа жеткізбеді, тек Ферғана ғана қайтарылды. Қазақ әміршілері мен Аштарханилер арасында шарт болды. Шарт ережелері туралы одан басқа еш нәре белгілі емес.

1600-1601 жылдарда Ташкентте Аштархани Жани-Мұхамедтің есімі бар теңге соғылғанын дәлелдейді. Ертедегі теңгеге хан есімінің жазылуы оның билігін білдіргені мәлім, бұл ретте Ташкентке Аштархани егемендігінің таралуы мойындалған. Аштарханилер өзінің атақ-дәрежесінің өздерінің Түркістанға, Ташкентке егемендігін атап көрсетіп отырған. Қазақ хандары өздері жаулап алған аймақтарды Аштархани мемлекетінен мүлде қайтарып алуға ұмтылды, сондықтан шарт ережесін бұзды. Соңғысы Аштарханилердің Ташкенттегі, Ферғана мен Түркістандағы қазақ әміршілеріне қарсы соғыс қимылдарын бастауына сылтау болды.

Сонымен, 1598-1599 жылдарда Шығыс Дешті Қыпшақ көшпелілерінің Мауаранахрды қайтарып алуға соңғы әрекеті жасалды. Тәуекел бүкіл Орта Азияға өз билігін орнықтыра алмады, бірақ сол кезден бастап 200 жылға – Ташкент, белгілі бір уақытқа Ферғана және бүкіл Түркістан, яғни сол кезге дейін Шайбани ұрпақтары иеленіп келген Сырдарияның орта ағысының екі жағасындағы отырықшы егіншілік аудандар қазақ хандығының құрамына кірді. Аталған аймақтардың қосып алынуы қазақ хандығының экономикасына, қоғамдық және саяси құрылысына аса күшті ықпал жасады, мемлекеттік шекараның тұрақтануына жәрдемдесті, қазақ – Орта Азиялық саяси және экономикалық өзара қатынастарының жүйесіне де, тайпалар мен халықтардың Сырдария өзенінің аңғарында белгілі бір мекендеуіне де жағдай туғызды.
...