Кез келген адам маман бола алмайды, админгеде мен лайықпын деген жағдайда ғана хабарласыңыз,
Қарапайым қолданушылар сайт әкімшілігіне өзінің деңгейін жоғарылатуына өтініш білдірмес бұрын қолданушы мына талаптарға сай келуі керек: Сайтта тіркелгеніне кем дегенде 1 ай болуы тиіс, және жақсы жауап деп танылған жауаптар саны кем дегенде 20-дан аз болмауы тиіс. Егер барлық талаптарға сай келсеңіз сіздің деңгейіңізді Маман дәрежесіне жоғарылатады. (қарапайым қолданушы бірден редактор не модератор бола алмайды, ондай өтініштер ескерусіз қалады)
бірден
Маман деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар? Атқаратын қызметтері қандай?
Маман дәрежесіндегі қолданушылар қарапайым қолданушылардың барлық мүмкіндіктеріне ие, және сонымен қоса кез келген пікірді өңдей алады. Яғни егер сіз маман дәрежесіндегі қолданушы болсаңыз сіздің жалпы атқаруға тиісті міндеттеріңіз: сіз сайттағы пікірталастарды, қолданушылар жазған пікірін қадағалап отырасыз. Сайт ережесіне қайшы келетін пікірлерді өңдеп, ескерту беріп отырасыз.
Сайтта белсенділік танытып, өз қызметін жақсы ақтарған Маман дәрежесіндегі қолданушыны сайт әкімшілігі өзара дауыс беру арқыды, қолданушының келісімімен не қолданушының өтініші бойынша Редактор дәрежесіне жоғарылата алады. Сайтқа қатысты маңызды талқылауларда белсенді маман талқылауға шақырылады.
Маман дәрежесіндегі қолданушылар сайт әкімшілігіне өзінің деңгейін жоғарылатуына өтініш білдірмес бұрын қолданушы мына талаптарға сай келуі керек: Сайтта тіркелгеніне кем дегенде 2 ай болуы тиіс, және жақсы жауап деп танылған жауаптар саны кем дегенде 30 дан аз болмауы тиіс. Жасы 15-тен (он бес) жоғары болуы қажет.Егер барлық талаптарға сай келсеңіз сіздің деңгейіңізді Редактор дәрежесіне жоғарылатуы жөніндегі өтінішіңіз қарастырылады. (маман дәрежесіндегі қолданушы бірден модератор болуына өтініш білдіре алмайды, ондай өтініштер ескерусіз қалады)
кез-келген адам маман н/се бақа дәрежеге ие болса сайтта мағынасыз сұрақтар мен шала жауаптар
көбейіп кетеді...