8 наурызға әдемі сөздер керек?

0 дауыс
4.2k қаралым
Әзілді сөздер тілектер өлеңдер керек?
Қазақ тілі Белгісіз

2 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап
Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер,қыздар  күнімен құттықтаймыз. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілейміз. Жылдың әр күні Сізге және сіздің жанұянызға тек қана жақсылық пен игілік әкелсін!
Сіздердің көктемдеріңіз ешқашан таусылмасын, ал жүректеріңіз жағымды еске алулардан әлсіресін! Сіздіердің араңызда, іскер әйел санайтын біреу болса, ол өзіне нағыз Көктемді – махаббатты сыйласын және оны алатын болсын! Өз сұлулығының сиқырына сенетін жас бойжеткен арулар өзге де бағалы байлықты - өз ісінің жемісін көрсін! Бақыт, Денсаулық, Бейбітшілік, Үйлесімділік және Қайырымдылық тілеймін!
Және де менің атымнан осы өлеңді қабыл алыңыздар;

Достар менен туыс десіп
Шаңырақты биіктетіп,
Жанұяны ырысты етіп,
Сәбиіңді иіскетіп, Арулар
Бұл өмірде тек бақытты табыңдар!

Ауылыңа шырай беріп,
Ата-ананы сыйлай келіп,
Ар-иманды шындай көріп,
Қиындыққа сынбай берік, Арулар!
Тіршіліктің жұлдызы боп жаныңдар!

Ақылы мен сәнін көріп,
Жүректерге жалын беріп,
Сүйгендерге нәрін беріп,
Күйгендерге бәрін беріп, Арулар
Махаббаттың шуағы болып қалыңдар!
Арулар!
Сендер аман,
Сендер аман болыңдар
0 дауыс
[құттықтаулар][1]
[өлеңдер][2]
[алматтың әзілдері][3]


  [1]: http://www.kuttybolsyn.kz/510-8-nauryza-ttyaular.html
  [2]: http://aitaber.kz/blog/oilar/711.html
  [3]: http://www.alashainasy.kz/anecdotes/19746/
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы