0 дауыс
757 көрілді
1. Ұш жүздің басын біріктірген хан?
2. Қазақ хандығы қашан құрылды?
3. Қазақтың қандай батырлары мен хандарын білесіз?
4. Атақты билеріміздің білесіз? Олардың елге қандай пайдасы болды?
5.  Абылай ханның өмірі жайлы не айта аласыз?

2 жауап

+2 дауыс
1.Ұш жүздің басын біріктірген хан-Әбілқайыр хан
2.Қазақ хандығы 1457 ж. құрылды
3.Абылай,Кенесары,Жәнібек,Әбілқайыр,Абылай,Махамбет,Исатай,т.б. хандар
4.Қаз дауысты Қазыбек би– қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.

Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.
Төле би (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды



Әйтеке би(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
5.Абылай (Әбілмансұр) хан — (1733—1737) билік құрғаны. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек.
+3 дауыс
1. Әбілқайыр хан (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748).
2.  Қазақ хандығы 1457 жылы құрылды.
3.  [Осыны көр][1]
4. Төле Би, Әйтеке Би, Қазыбек би. Олардың елге тиген пайдасы көп.  Бір сөзбен айтқанда: Кіші жүзді найза беріп жауға қой, Орта жүзді калам беріп дауға қой, Ұлыжүзді таяқ беріп малға қой деген... Осылай үш жүздін пайдасы елге көп тиді.
5. Абылай хан жайлы көп нәрсе айта алмаймын... Негізінде бала кезіндегі аты - Сабалақ  болған... Сосын ол хан болған соң Абылай хан атанған. [Абылай хан][2]


  [1]: http://www.google.kz/#hl=kk&gbv=2&q=%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%82%D1%8B%D0%BD+%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%80%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%8B+%D0%BC%D0%B5%D0%BD+%D0%B1%D0%B8%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96&bav=on.2,or.r_gc.r_pw.,cf.osb&fp=541fd709d449f41c&biw=1360&bih=526
  [2]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D0%B9_%D1%85%D0%B0%D0%BD
...