+1 дауыс
1.2k көрілді
Жақында ел арнада Бағдаршам бағдарламасына ақын Қалқаман Сарин өзінің домбыра  туралы бір өлеңінің мазмұнын былай баяндап берді: "Мен бір университетте мұғалім болып жүргенде бір ағай бар еді. Шертпе күйдің шебері еді. Алайда үлкен кісі бола тұра квартирант болып тұратын. Бір күні аудиторияға кіріп келсем сол ағамыз күйді беріліп тартып отыр екен. Сонда маған: "Қалқаман осы күйді үйде тарта алмаймын ғой. Бастап қалсам болды әлгі үйдің иесі орыс әйел даңғырлатпа деп ұрысады, сосын домбырамның үнін өшіремін" дейді. Сонда әлгі ағаны жұбату мақсатымен "Қаиетіңнен айналдым кешір домбыра" атты өлеңді жаздым" Сондағы құрметті жолдастар сіздерге қоймақ сұрағым мынау болып тұр. Еліміздің көп ұлтты болғаны бізге зардабын тигізіп жатыр ма, әлде шынында да өз халқымыздың арасында қазағымыздың қасиетті қара домбырасының қадірі кете бастағаны ма? Сол өзге ұлт өкілдерінің кесірінен құдыреті күшті домбырамыз үнсіз жатқан күйінде өле бермек пе?

1 жауап

+3 дауыс
XXI ғасырда, одан кейінгі  ғасырда болсын , Қадірі ешқашан кетпейді, ал қолданыстан шығып бара жатқаны айқын. Домбыраны соңғы уақытта тек Аға-апа Буындарымыздың, ата-әжелеріміздің, дәстүрлік өнер иелерінің және кей жасөспірімдердің қолдарынан ғана  көруге болады. . . өкінішті-ақ. Заманауи  заманның артынан ілесеміз деп Домбыраны  Гитара, т.б. аспап-құралдармен, жаңарған технологиялық артықшылықтармен алмастыра келе өзіміз соны сезбей ұмытуға бел буудамыз. Санамыз кеми түсті ме ? _ Рухшыл-ұлтшылдығымыздың төмендегені ме ?  _ Әлде сәннің алқымына тығылғанымыз ба ?  _ Бойымыздағы дарынның жоғалғаны ма ? ...Өзге ұлттар әсер етуде ме менталитетімізге ?  ----- Қанша қазақ, сонша жауап.  Соның ішінде ең объективтісі деп санайтын "отмазкам"  ......ЗаМаН аҒыСы.   Бұрынғыдай Кең жайлау, киіз үй, таза махаббат /өмір/сезім, мүлдем техникасыз салауатты өмір - жоқ. Бәрі өзгеше. Бағымызға да , өкінішімізге де..Салтымыз - Домбыра, өнеріміз - Домбыра. Қасиетіміз - Домбыра.   Осы өнерді Қайта жаңғыртар - Дамытар - Өркендетер Азаматтар - "ұрпағымыз /кейінгі Жастар". ...Біз қалдыратын мұра - Біз беретін тәрбие  - Біз қоғамға насихаттайтын жаңалық - Біз қабылдап, жалғастырар  аманат ------- Болашағымызды анықтап бермек. Сондықтан, Әрбіреуіміз, Сен де, СЖС қолданушысы, мейлі Домбыра шертуді білме - Домбыраның ЖОҚ дегенде не екені туралы айналаңа құлақ қағыс ж.     ...түсіндір....мағлұмат бер....әрекеттен/тырыс. Сіз бен Біздің осы қимылымыз екі ішекті - көп пернелі қасиетті ДОМБЫРАМЫЗДЫҢ  сәл де болса  ұмытылмауына, тым жақсы десең - жиі қолданылуына септігін тигізеді. Айтылған бағдарламаны көрдім. Қалқаман ағамызға ерекше құрметім,......... құрметім....қоса айтқым келмек: " Кешір Домбыра...кешір..." ....Ойланыңдар, Қазақстан азаматтары.Бір кем дүние..... Ойланыңдар  - деп өзімше ой салып қояйын. Өз басым ұсақты-түйекті бір-екі күй мен бір пернесінде бірнеше ән шерте аламын. Қоя салайын десем, қаным алыстатпайды. Мораль: Қанымызға сіңген Бабаларымыздың өнерін жоғарысын  төменге қаратып , жерге таптамайық, Достар.

![kop;ko;ko;][1]

<br>
Ұмытқан жандарға, төмендегі   - ДОМБЫРА  аспабы.
<br>
![description][3]


  [1]:
  [2]:
  [3]:
  [4]:
<br>
Ұйқың келіп кеткен сыңайлы....Көпке топырақ шашпаймын, тек ойым........ал ұйқыңды ашуға Бекболат ағамыздың орындауында  "Молдабай" -ды ұсынамын:
<br>
<object width="420" height="315"><param name="movie" value="http://www.youtube.com/v/dA5ZiH_CLMg?version=3&hl=ru_RU"></param><param name="allowFullScreen" value="true"></param><param name="allowscriptaccess" value="always"></param><embed src="http://www.youtube.com/v/dA5ZiH_CLMg?version=3&hl=ru_RU" type="application/x-shockwave-flash" width="420" height="315" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true"></embed></object>
Жауабыңызға көптен көп рахмет. Дәл сол Қалқаман ағамыздың әңгімесін естіген шақта тұла бойымды діріл билеп, қара домбырамыздың жайы осындай болып жатқанына қатты өкіндім. Керемет жауап, Бекболат Тілеуханов ағамыз да домбыраның құлағында ойнайтын бірден бір керемет азаматтарымыздың бірі ғой. Салт санамызды ешқашан ұмытпастай етіп осылай жаңғыртып отыратын Бекболат ағамыздай елінің біртуар перзенттері мол болса екен деген арман бар менде. Жауабыңызға тағы да алғысымды білдіремін.
...