0 дауыс
2.5k көрілді
автобустар қандай маркалары болады, тариф түрлері туралы курстық жұмыс керек еді!!!

1 жауап

0 дауыс

Үлкен класты автобус - ұзындығы 10,5 метрден 12 метрге дейінгі автобус.

Қалалық автобус - қала ішінде және қала маңындағы бағытта жүретін, жолаушылардың түрегеп тұруына арнайы кең орны бар және олардың еркін кіріп шығуына қолайлы, кем дегенде екі есігі бар автобус.

Ұзақ жүріс автобусы - алыс қашықтыққа жолаушылар тасымалдауға арналған, арнайы киім ілетін, сусын ішетін орны және жабдықталған әжетханасы бар, ал кейбір жағдайларда өзінде немесе тіркеме арбасында жатын орынмен жабдықталған автобус.

Кіші класты автобус - ұзындығы 6 метрден 7,5 метрге дейінгі автобус.

Бағыттық, маршруттық автобус - белгіленген бағытпен жүретін, жүретін бағытының нөмірі, негізгі және соңғы тоқтайтын аялдамалары туралы мағлұматы сыртына көрнекті қылып жазылған автобус.

Қалааралық автобус - қалааралық бағытта жолаушылар тасымалдауға арналған, көбінесе жұмсақ отырғыштармен жабдықталған, жүк салатын орны бар максимальді жүріс жылдамдығы сағатына 100 шақырымнан кем емес автобус.

Ауыларалық автобус - ауыл арасында жолаушылар тасымалдауға арналған, әдетте сыйымдылығы шағын бір ғана жетекші белдігі бар автобус.

Класы өте үлкен автобус - ұзындығы 16,5метрден 24 метрге дейін, әдетте екі бөліктен жалғастырып құрастырып жасалған автобус.

Класы өте кіші автобус - ұзындығы 5,0 метр және одан да қысқа автобус.

Саяхаттық автобус - жолаушылардың сыртқы көріністерді көруіне ыңғайлы, микрофонмен және басқа да экскурсия жүргізушіге қажетті жабдықтармен жабдықталған автобус.

Экспресс-автобус - белгіленген бағыты бар, жолдағы аялдамаларға негізінен тоқтамайтын, тікелей екі соңғы шеткі аялдамаға қатынайтын автобус.

Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B2%D1%82%D0%BE%D0%B1%D1%83%D1%81

...