+1 дауыс
17.2k көрілді
Декарт Рененің өмірбаянының қазақшасын тауып беріңдерші достар!

2 жауап

+2 дауыс
Рене Декарт (1596-1650) – француз дворянының отбасында туып, иезу-иттердің Ла-Флеш коллегиясында физика, математика, арифметика, механика, музыканы тереңдетіп оқыды. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Саясат мәселелеріне қызықпаған де-карт (Картезий) алгебра, аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысты жарықтың сыну заңын ашты, қанның айналуын зерттеді психология мен космогонияны, және, әрине, философияны талдады. Белгілі еңбектері: «Бірінші философия туралы пайымдаулар». «Фи-лософияның алғашқы бастаулары», «Метод туралы ойлар».
-философия ағаш секілді, оның тамыры – метафизика, діңгегі – физика, діңгектен тарайтын бұтақтары – үш басты ғылымның, медицина, механика және этиканың төңірегінде топталатын ғылымдар. Жемістерді тамырдан бастап жинамайтынынымыз секілді, философияның пайдалылығы да оны құрастыратын бөліктерге байланысты» деп. Декарт барлық ғылымдардың бірлігін, тұтастығын атап көрсетеді. Бэкон секілді, Декарт та шығармаларын қоғамның тандаулы топтарына ғана емес, қарапайым адамдарына да түсінікті тілде жазуға тырысты, оларға демократиялық сипат беруге ұмтылды. Екіншіден, өзінің ағылшын әріптесі сияқты, Де-карт та әлеуметтік реформаларды қолдамады, діни және қоғамдық тәртіпті өзгертуге қарсы болды.
Ерекшеліктері:
Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі мате-матикалық ойлау тәсілінен жақсы көрінеді. Өзінің математикалық ізден-істерінің негізінде Р.Декарт жалпы ғылыми тәсіл ұсынды. Негізгі себеп -адамдар ғылым және өнер саласында ақиқат ұғымдарды емес, болжамды көбірек қолданады, сондықтан басқа тәсіл керек. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті, сол себепті осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйе жасау ісінде қолдану керек. Декарт төрт ережені тұжырымдайды:
1) Ақиқат деп ақиқат екені күмәнсіз нәрсені ғана қабылдау қажет. Асығыстық пен нанымға орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын, нақты тұжырымды ғана қабылдау керек. Картезиандық рационализмнің бұл принципін интуиция ұғымы буідіреді. Декарт бұл қасиетті табиғи, бірақ сезімдік емес, интеллектуальдік сәуле деп түсінеді.
2) Зерттейтін сұрағымызды ойша мүмкіндігінше қарапайым элементтерге бөліп қарастырсақ, қиыңдықтарды шешу, белгілі бір шешімге келу жеңілдейді.
3) Бұл ереже логикалық түрде екінші ережеден туындайды: таным процесі қарапайымнан күрделіге қарай жүреді.
4) Дедукцияның барлық звеноларын ұмытпайтындай шолу жасап отыру қажет – энумерация.
Декарттың рационализмінің негізі – күмән. Күмәнданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, яғни өмір сүреді, тіршілік етеді. «Мен ойлаймын, яғни өмір сүремін» (Я мыслю. следовательно я существую. Соgіtо егgо sит). Декарттың пікірінше, біз анық қабылдайтыі нәрселердің бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылы қабылданады.
+1 дауыс
http://bilimkozy.idhost.kz/alem/244-dekart-rene.html   мына сілтемеге кір.
...