0 дауыс
13.5k көрілді
Биологиядан 6-7 сыныпқа арналған тест бар ма жауаптарымен?

1 жауап

0 дауыс

Биология пәнінен тақырыптық тест жинақтары 7 сынып
Жануарлар әлемі. Жәндіктер.
1. Зоология ғылымы... зерттейді:
А) жануарларды В) өлі табиғатты С) жапырақтарды Д) ауаны Е) өсімдіктерді
2. Дизентерия ауруын тарататын -
А) шыбын, тарақан В) адам С) ит, мысық Д) үй құстары Е) құмырсқа
3. Денесінде бақалшағы бар біржасушалы қарапайым жәндік:
А) эвглена В) лямблия С) кірпікшелі кебісше Д) арцелла Е) амеба
4. Тірі табиғатта жүйелеуде аса зор еңбек сіңіріп, жүйелеу атасы аталуы:
А) Ф. Энгельс В) К. Линней С) Рулье Д) Ж. Б. Ламарк Е) Ч. Дарвин
5. Қарапайымдылар түрлерін алғаш ашқан ғалым:
А) К. А. Тимирязев В) С. Г. Навашин С) Антони Ван Левенгук
Д) Әкелі - балалы Янсендер Е) Роберт Гук
6. Адам мен жануарлардың ішегінде тіршілік етіп, ішектің сілемейлі қабықшасын
зақымдайтын біржасушалы қарапайым жәндік:
А) амеба В) эвглена С) арцелла Д) лейшмания Е) дизентерия амебасы
7. Жасыл эвгленаның көбеюі: А) көлденең екіге бөліну арқылы
В) бүршіктену арқылы С) жыныссыз ұзыннан бөліну арқылы Д) жынысты жолмен Е) циста түзу арқылы
8. Талшықтылар класына жататын жәндіктер:
А) полиптер В) тұщы су гидрасы С) кірпікшелі кебісше Д) кәдімгі амеба Е) жасыл эвглена
9. Құм шіркейлері арқылы таралатын тері ауруының түрі:
А) лейшманиоз В) гоммоз С) қышыма ауруы Д) безгек ауруы Е) дизентерия
10. Қарапайымдар үшін цистаның маңызы:
А) қолайсыз жағдайдан сақтайды В) даму үшін С) жылжу қызметін атқарады Д) өсу үшін Е) көбею үшін
11. Безгек ауруының қоздырушысы (таратушы):
А) лейшмания В) көбелек С) маса Д) лямблия Е) трипанасома
12. Өсімдік пен жануарлардың туыстығына дәлел бола алатын біржасушалы жәндік:
А) амеба В) жасыл эвглена С) арцелла Д) лейшмания Е) кірпікшелі кебісше
13. Амебаның тыныс алуы:
А) суда еріген оттегімен В) көмірқышқыл газымен С) азотпен Д) судағы көмірқышқыл газымен Е) ауадағы оттегімен
14. Хинин, акрихин дәрілерінің емдік қасиеті:
А) сүзекті құрту В) безгек масаларын құрту С) обаны жою Д) құтырманы жою Е) қантышқақты құрту
15. Біржасушалы қарапайым жәндік:
А) жасыл эвглена В) актиния С) маржан Д) шұбалшаң Е) гидра
16. Вольвокс шоғырының пішіні:
А) үтір В) оралма С) шар Д) спираль Е) таяқша
17. Шөгінділерінен мұнайдың қоры түзілетін жәндіктер:
А) бақалшақты біржасушалылар В) кірпікшелер С) талшық Д) лейшмания Е) безгек паразиті
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
А А Д В С Е С Е А А С В А В А С А

Ішекқуыстылар.
18. Гидраның энтодермасындағы жасушалардың рөлі:
А) регенерация В) қоректі аулау С) жауынан қорғану Д) асқорту, сөл шығару Е) тыныс алу
19. Гидраның жазылатын жіпшесі орналасқан жері:
А) аралық жасушада В) жүйке жасушада С) тері - бұлшықетті жасушада Д) асқорту жасушада Е) атпа жасушада
20. Медузаның қорегін ұстауы:
А) ас қорыту жасушаларымен В) қатты қозғалуымен
С) бұлшық ет талшықтарымен Д) аралық клеткаларымен Е) қармалауыштарындығы атқыш жасушаларымен
21. Гүлге ұқсас ішекқуыстылар:
А) медуза В) эвглена С) кәдімгі амеба Д) кебісше Е) актиния
22. Ішекқуыстыларға тән - қасиет:
А) екі жақты симметриялылығы В) пішін тұрақсыздығы С) сәулелі симметриялылығы Д) көзшесінің болуы Е) қарынның болуы
23. Гидраның жынысты жолмен көбеюі:
А) жазда В) жаңбырлы жылы күндері С) ыстық күндері Д) көктемнің жылы күндері Е) қолайсыз жағдай туғанда
24. Ішекқуыстылардың дернәсілі:
А) қуыршақ В) жұлдызқұрт С) бүрлеме Д) планула Е) имаго
25. Гидраның жыныссыз жолмен көбеюі:
А) гаметалар В) уылдырық С) зигота Д) гермофродитті Е) бүршіктену
26. Сцифос сөзінің мағынасы:
А) жалпақ В) қоңырау С) табақша Д) қолшатыр Е) таяқша
27. Терең суларда қозғалып жүретін көпжасушалы жәндік:
А) медуза В) қызыл маржан С) амеба Д) кебісше Е) актиния
18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
Д Е Е Е С Е Д Е С А

Толығырақ: http://bilimdiler.kz/biologia/29469-biologiya-paninen-takyryptyk-test-zhinaktary-7-synyp.html

...