Күлкінің адам денсаулығына пайдасы бар екені белгілі. Ғалымдар жиі күлетін, үнемі көңілді жүретін адамдардың бақыттырақ екенін анықтаған. Жиі мұңаятын немесе көп ашуланатын адамдарға қарағанда көбірек күлетіндер сәттілікке де тез қол жеткізеді екен.
Дегенмен әр нәрсенің мөлшерлі шегі болатыны сияқты, күлкінің де өз «нормасы» бар. Ендеше, адам бақытты әрі сау болуы үшін күніне қанша рет күлу керек? Бұл сұрақтың жауабын Ұлыбритания мамандары іздепті. Сонда сауалнамаға қатысқан он мыңнан астам адамның 81 пайызы шын ниетпен рахаттана күлу оларды стрестен құтқарып, бақытты ететінін айтқан.