0 дауыс
372 көрілді

1 жауап

0 дауыс

Арнайы күтім жасау арқылы оның тезірек өсуіне ықпал ете аласыз. 

Осы орайда, шашты үй жағдайында тез өсіруге арналған маскалар тізімін назарларыңызға ұсынамыз. Қызыл бұрыштан жасалған маска Қызыл бұрыш тұнбасы мен ошаған майын бірдей көлемде алып, түйежапырақ сығындысымен араластыру керек. Содан соң, қоспаны пипетка немесе тарақша арқылы шаштың түбіне жағу керек. Қоспаны шаштың ұзындығына жақпаңыз, өйткені, шаш құрғақ болып кетеді. Тұнба жағылған шашты екі сағат бойы сүлгімен орап ұстаңыз. Кейде көптеген бойжеткендер бұрыштың шашты ашытпайтынын айтады. Мұндай жағдайға бұрыш тұнбасының сапасыздығы, сіздің бас теріңіздің қалыңдығы себеп болуы мүмкік. Ал кейбір нәзік жандылар бұрыштың шашты ерекше ашытатынын айтады. Егер сізде де осындай жағдай тіркелсе, майды көбірек, бұрыш тұнбасын азырақ қосыңыз. Қышадан (горчичник) жасалған маска Бір ас қасық қыша ұнтағын жарты қасық қант және сумен араластыру керек. Осыдан соң қоспа қаймақ секілді қоймалжың болады. Масканы тек шаштың түбіне жағыңыз. Кейін шашыңызды сүлгімен орап, шамамен 1,5-2 сағат ұстау керек. Құрамында ошаған майы жоқ болғандықтан, маска тез жуылады. Алайда, маскадан соң шашты қан жылым су ағынымен жақсылап жууды ұмытпаңыз. Теріде қалып қойған қашы шашыңызды одан әрі ашыта түсуі мүмкін. Шашыңызды жуып болған соң, бальзам немесе тарауды жеңілдете түсетін кондиционер жақсаңыз мархабат. Тағы оқыңыздар: Денсаулыққа арналған пайдалы кеңестер Пияздан жасалған маска Пиязды үккіштен өткізіп немесе ұсақтап турау керек. Дәкемен (марля) артық суын сығып, тек қою езбені алып қаламыз да, балмен араластырамыз. Бұл масканы шаштың ұзындығына да жағуға болады. Алайда, жағымсыз иіс шығатынын ескертеміз. Көптеген қыздар маска жасау кезінде жуаның иісінен көздің жасаурайтынын алға тартып, бұл масканы көп қолдана бермейді. Егер үй жағдайында бұл масканы дайындаған болсаңыз, шашқа бір сағаттан артық ұстамаңыз. Пияз маскасын күнде жасаймын десеңіз де өз еркіңіз, алайда, мамандар аптасына екі рет жағудың өзі жеткілікті екенін айтады. Салонда жасалатын процедуралар Егер үй жағдайында жасаған маскалар шашыңыздың өсуіне көмектеспесе, салондағы кәсіби мамандардың қызметіне жүгініңіз. Салонда жасалатын процедуралар тізімі: Мезотерапия. Зақымдалған шашты қалпына келтіріп, өсіруге арналған, ең жиі жасалатын терапия. 

Шашқа арналған массаждар Экрандау. Бұл көп жағдайда боялған соң зақымдалған бұйра шаштарды қалпына келтіруге арналған терапия. Экрандаудың ламинациялаудан басты айырмашылығы – шашқа белгілі бір түс беріп, біркелкі ететіндігінде. Сондай-ақ, шашты жылтыратып, икемдеу үшін де осы әдіс көп қолданылады. Шашқа пайдалы дәрумендер тізімі: Токоферол немесе Е дәрумені. Шаштың өсуін жылдамдатып, жылтырады. Ретинол немесе А дәрумені. Коллаген мен кератин дұрыс өндірілу үшін қажет. Фолликулдардың тез пайда болуына әсер етеді. В тобындағы дәрумендер. Зат алмасу процесін тездетіп, пайдалы заттардың тезірек сіңуіне көмектеседі. Шаштың өсуін жылдамдату үшін түрлі дәрумендерді кешенді түрде қабылдау керек. Сондай-ақ, ас мәзіріндегі жеміс-жидек пен көкөністерді, балықты көбейтіп, майсыз еттерді пайдаланыңыз. 

 https://kaz.nur.kz/1690584-uy-zhaghdayynda-shashty-qalay-tez-osiruge.html

...