+4 дауыс
8.2k көрілді
Спам деген не?

3 жауап

+7 дауыс

Жақсы жауап

Күнделікті э-поштамызға кімнен екені белгісіз хаттар келіп тұрады немесе форумдарда, блогтарда бейтаныс адамдар пікір жазып кетеді. Олардың кейбірі жарнама болса, кейбірі бірігіп бизнес істеуге шақырады, тіпті кейбірінде вирус ілесіп жүреді. Бұл белгісіз хаттар мен жарнамалар СПАМ деп аталады.

Спамды кім, қайдан жібереді?

Интернетте э-пошта сервисін (мыс: Yahoo!, MSN, Gmail т.б) қолданбай-ақ басқа біреуге бейтаныс атпен (мыс: [email protected]) хат жіберу өте оңай. Оның біреуі арнайы програмалар арқылы болса, екінші жолы PHP, JSP немесе ASP.NET сияқты скрипт жазатын програмдау тілдері арқылы. Спаммерлер (спам жіберушілер) э-пошта адресіңізді Интернеттен адрес жинайтын програмалар арқылы жинап алып, өзінің базасына сақтап қояды да, керекті кезінде қолданады. Тіпті адамдардың жеке мәліметін де жинап алып, басқа компанияларға сататын ұйымдар болады. Олардың көбі э-пошта адресіңізді @ симболы арқылы білетіндіктен, көпшілік оқи алатын сайттарға адресіңізді жазудан абай болыңыз, немесе басқаша тәсіл қолданыңыз. Мысалы сурет арқылы бейнелеу немесе @ орнына “at”, “айқұлақ”, “собачка” сияқты сөздер қолдануға болады.

Спаммерлердің хатын жеке хаттардан қалай ажыратуға болатыны тұрғысында SMTP протоколында қорғаныс жоқ. Тек арнайы програмалар арқылы ғана оны тексеруге болады. Мысалы Wordpress AKISMET жүйесін қолданады. Бір хатты көп кісіге қатарынан жіберілгенінен де білуге болады. Бірақ ондай жағдайда компания өзінің барлық клиенттеріне хат жіберсе, оны спам деп танып, келген хатты спамға сақтайтын жайттар да кездеседі. Хаттың ішіндегі сөздерден күдіктеніп, спам деп тануға болады. Оны спаммерлер де байқап, сөзді әдейі бұрмалап жібереді екен. Мысалы Viagra сөзін

V1agra

Via’gra

V I A G R A

Vaigra

\ /iagra

Vi@graa деп жіберу арқылы.

Кейбір компаниялрдың табыс көзі спам хаттар арқылы жарнама тарату болғандықтан спам азаймайды, керісінше көбейіп келеді.

СПАМ туралы қызықты мәліметтер:

Ең көп спамды Майкрософтының негізін қалаушы Билл Гейтс қабылдайды екен. Оның э-пошта адресіне жылына 4 миллион спам келеді.

Спамдағы ең көп жарнаманың орнын өнімдер иеленеді.

Ең көп спамды жіберетіндер АҚШтан, Қытайдан және Оң.Кореядан.

Kүніне 90 млрд спам хат жіберіледі.

+6 дауыс
Қазір әрбір интернет пайдаланушы электрондық пошта жәшігін ашқанда бейтаныс адамдардан келген хаттардың барын жиі байқайды. Бұндай хаттардың дені негізінен шетелдегі қымбат демалыс орындарына немесе айына пәленбай мың доллар жалақы табуға шақырған жарнамалар мен хабарландырулар. Кейбір жәшіктің иелері бұл хаттарды өздері оқып қана қоймай, «қамқорлық» танытып, таныстарының жәшігіне де жолдайды.

Тіпті, интернетке енді ғана қосылып, пошта жәшігін жаңадан ашқан адамның өзіне әп-сәтте бейтаныс адамдар хат жолдап үлгеріп жатады. Әуелгі уақытта олар интернет кеңістігінде жаңа достар таптым деп ойлап, танымайтын адамдардан, компаниялардан хат алғанын қызық көреді.

Бірақ, көп ұзамай, интернет қолданушының бастапқы кездегі «қызығы» тарқап, күн сайын пошта жәшігінен табылатын бөгде адамдардың хаттары мезі етіп, әрі-беріден соң жүйкесін шаршатады.

Мұндай керексіз хаттарды «спам» деп атайды, ол «күдікті хабарламалар» деген мағына береді. Әрбір интернет пайдаланушыға жақсы таныс.

Поштаға арасына күн салмастан келе беретін хаттар легі бір толастамайды. Дегенмен көпшілік осы спаммен қалай күрескен тиімді екенін біле бермейді. Біз оған тоқталмас бұрын жалпы бұл терминнің қайдан шыққанын біліп алайық…
Беттің сөздігі
Спам (spam) — электрондық пошта арқылы жіберілетін күдікті хабарламалар.

Алғашқы «спам» бұқтырылған ет пе?

1937 жылы АҚШ-тың белгілі «Hornel Foods» фирмасы бұқтырылған шошқа еті консервісінің жаңа түрін ойлап шығарды. Фирма жаңа өнімге сәтті атау беру мақсатында байқау жариялап, оны «СПАМ» атауын ұсынған Нью-Йорктің радиоактері Кеннет Денью жеңіп шықты. Жаңа сөз сәтті атау болғанға ұқсайды. Өйткені, сол кезде «СПАМ» әр америкалықтың аузынан түспепті. Фирма жаңа өнімнен қарапайым сэндвичтен бастап, ерекше тағам түрлерін әзірлеу рецептін ұсынады да, аз ғана уақыт ішінде бұл өнім «туыстарын» дүкен сөрелерінен ысырып үлгереді. СПАМ Америкадан тыс жерлерге тез таралып, Еуропаға, тіпті Жапонияның сауда нүктелерінде сатылады.

Осыдан соң «СПАМ» атауы жарнамаға синоним бола бастапты. Бірақ, «Hornel Foods» фирмасының электрондық пошта арқылы таратылатын бұқаралық жарнамаға негізделген хаттардың алғашқы авторы ма, жоқ па, ол жағы белгісіз, алайда 1997 жылы бұл фирманың «СПАМ» секілді жарнамалар таратумен айналысатын бәсекелестері өте көп болғаны анық.

Спамның тағы бір түрі — «скам»

Күдікті хабарламалардан қорғанбас бұрын оларды мынадай бірнеше топқа бөліп қарастырған жөн:

Біріншісі — кәдімгі жарнама хабарландырулары тобы. Мәселен, «Кеңсені жалға беремін» немесе «саяжайды сатамын». Бұндай хабарландыруларды кәсіби «спамшы» (спам жіберуші) жолдайды. Көбіне бұндай хаттың соңында телефон, мекен-жайлары анық көрсетіледі. Сондай-ақ бұл топқа белгілі бір қызмет түрлерін ұсынатын хаттар да кіреді.

Екіншісі — қаржылық пирамидаға қатысуға шақыратын хаттар легі. Бұндай жолдауларды бір-бірінен ажырату өте қиын. Алайда көбіне хаттың басында «Бұл спам емес» деген жазу болады. Әдетте бұл сөзді спамерлер жақсы көреді.

Сондай ақ, бұндай хат жолдаушы бөгде адамды қызықтыру мақсатында айына пәленбай мың доллар жалақы алатын жұмыс ұсынуы да мүмкін.

Мұндай пирамидалар MLM (көп деңгейлі маркетинг) принципі бойынша ұйымдастырылады. Әрі хат мәтіні пирамиданың құжаттар жиынтығына енгізіледі, сондықтан да ол сирек өзгертіледі. Көбіне грамматикалық, синтаксистік, пунктуациялық және басқа да қаталерімен қоса бір спамшыдан екінші спамшының қолына көшіп жүреді. Хат тақырыбына басқа тілдерде «Бұл хатты өшірмеңіздер!» деп жиі жазады.

Үшіншісі — түрлі сайттарға шақыратын хаттар тобы. Бұл жерде кәсіби спам жіберушілер аянып қалмайды. Қалайда хат мазмұнымен таныстыру үшін түрлі сілтемелерді тінтуірмен түртіп қалуды ғана ұсынады. Оның да түрлі тәсілдері бар. Мәселен, хат сіз тіркелген қажет сайттардың бірінен келген болуы да мүмкін. Алайда сіз одан бас тарта аласыз.

Кейбір хаттар интернет қолданушының жеке өміріне қатысты топтама боп құрылады. Мысалы, «Сәлем, дос! Мені ұмытып қалдың ба? Біз бір мектепте оқып едік қой. Мен сені интернет арқылы таптым. Менің суретімді көргің келсе, мына сайттан табасың» деп сілтеме жасап, еліктіреді. Тағы бір хатта: «Амансың ба? Мен саған теңізде демалып қайтқанымды айттым ба? Ештеңе етпейді, сен одан да досыңның қалай өзгергенін қара, мына сайтқа кір» делінеді. Осылайша хаттар легі жалғаса береді.

Кәдімгі хаттардан спамдардың басты айырмашылығы — бұндай хаттарда ешкім сізді атыңызбен атамайды, электрондық пошта мекен жайыңыздағы айқұлақ белгісі — @ алдындағы логиніңізбен атайды. Мәселен, сіздің логиніңіз падишах болса, «Сәлем, падишах!» деп басталған хат келуі әбден мүмкін, таң қалмаңыз, бұл сіздің ескі танысыңыз емес, «СПАМ»!

Төртінші топтың хаттары «скам» (scam) деп аталады. Бұл — интернет пайдаланушылардың күдігін сейілту мақсатында «спамның» сәл өзгертілген атауы. Спамның лақап аты десек те болады. Хат мазмұны көбіне мынадай болады: «Таза швейцар сағатын таққыңыз келе ме? Бастапқы бағасы 400 АҚШ доллары. Ал сіз 45 АҚШ долларына ала аласыз». Негізі ұсынған баға шамасы нарықтағы бағаға да жуықтамайды. Егер осындай ұсыныстарға хат алушылардың біршама бөлігі көңіл аударса, спамшылардың табысы да жаман болмайтыны белгілі. Әр топтың өз ерекшелігі бар. Бірақ, топқа бөліп, жіктеу мақсат емес. Басты мақсат: спамнан қалай құтыламыз? Енді сол туралы айтайық.

Қандай қарсы әрекет жасай аламыз?

Спамға қарсы ең тиімді реакция — оны елемеу. Спам жолдаушы ешқашан хат жіберуші ретінде өзінің дұрыс электрондық мекен-жайын жазбайды. Жазған күнде де ешқашан сіздің жауабыңызды оқымайды. Спам жолдаушылар тегін пошта жәшігін ашуға мүмкіндік беретін mail.ru, hotmail.com секілді сайттарда роботтың көмегімен өзіне қажет мекен-жайды пайдалана алады. Олар бір мекен-жайды ұзақ пайдаланбайды, үнемі ауыстырып отырады. Сондықтан да жүйкеңді тоздыратын күдікті хабарламаларға бола уақытыңызды, күш-қайратыңызды, қаражатыңызды босқа құртпаңыз.

Спамды қабылдамауға бола ма? Ол үшін не істеу керек? Бұл аса қиын шаруа емес. Ал пошта жәшігіңізге спам-хаттарды ешқашан келтірмеу мүмкін емес. Себебі, спам жолдаушыларға сіздің электрондық мекен-жайыңызды табу оп-оңай: форумнан, чаттан, тіпті, сіздің виртуалды «әлеміңізден» немесе бұрын пайдалы ақпарат алу үшін жазылған сайтыңыздан көре алады. Сондықтан да спам жіберушілердің көзіне түспеу үшін ешқашан өз мекен-жайыңызды әрбір жерге жазып қалдырмаңыз! Тіпті, хатыңыздың соңына да тіркемеңіз.

Спам жіберушілердің құрығына түспес үшін мынадай ұсыныстарды ескере жүріңіз:

Біріншіден, электрондық поштаңызды ақылы сервистен ашыңыз, бұл жағдайда сіздің мекен-жайыңыз спам жіберушінің қолына түспейді.

Екіншіден, ешқашан өз электрондық мекен-жайыңызды жария етпеңіз. Мәселен, форумда міндетті түрде «е-майл» қалдыру қажет болса, логиніңіз бен доменіңізді ашық орын тастау арқылы жазыңыз (мысалы: логиніңіз бос орын @ доменіңіз.kz). Бұл жағдайда сіздің электрондық мекен-жайыңыз спам жіберушінің мәліметтер базасына түспейді.

Үшіншіден, кейбір серверлерде анкета толтыру қажет болады, оған өзіңіздің негізгі «е-майлыңызды» жазбаңыз. Интернеттегі тегін пошталардан жаңадан электрондық мекен-жай ашып, соны пайдаланыңыз.

Осындай тәсілдерді пайдалану арқылы өзіңіз жақсы көретін пошта жәшігіңізді спамнан құтқарып, логиніңізді сақтай аласыз.
Тамаша жауап!
Антисмпам  мен  қорғанса  болама    оның  әсері  барма  ???
менің  логиныма  Алматы  Биглион  деген  сообщение  келе  береді  ол  спамба  ??   сіздерге  ол  келема  ???
Спам келсе "спам" деген папкаға келеді.
0 дауыс
kundelikti e-potcjhtamyzga kimnen ekeni belgisiz hattar kelip turady nemese forumdarda,bloktarda beytanys adamdar pikir hazip ketedi.Olardin keybiri harnamalar,keibiri nirigip byznes isteugeshakyradi,nemese vyrus ilesip huredi.Bul belgisiz hattar men harnamalar spam dep atalady.