0 дауыс
836 көрілді

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Кітап болсын,кино болсын бұның бәрі көркем туындылар, демек автордың қиялымен сомдалған туындылар жиынтығы. Қаншама шынайы десекте бұл жерде ойдан шығару, әсірелеу,көркемдеу сияқты әрекеттер бола береді. Бірақ негізгі әрекет адамдарды жаманнан жирентіп,жақсыға жетелеу мақсатында істеледі. Сондықтан көркем шығармаларды көріп,оқып олардан жақсы мен жаманның ара жігін анықтай отырып ғибрат алу керек. Ешнәрсені сол қалпында қабылдауға болмайды, себебі көркем шығармалар көптің талқысы үшін жазылады. Шығарманы тура түсініп одан жақсы қорытынды жасай алғандар жақсы оқырмандар болуы да,ал керісінше болса өз өміріне біраз қиындықтар тудыруы мүмкін.
0 дауыс
Өзіңіз ойлаңыз сіз кітаптан жаман нәрсе аласызба!? арине жақсы керекті мағұлмат аласыз! Ал кітап көзімен қарайтын адамдар олар - ,,,,,,,бассқа адамдардан ерекшеленіп тұратын ерекше жан дүниесінің бәрі сыр мен жырға толы адамдар болады деп есептеймін!!!
+1 дауыс
Өмірге реалды көзбен қарау керек деп ойлаймын..Ол қандай кітап?Соған байланысты деп ойлаймын.Мысалы, шаруашылық, автомобиль туралы кітаптарды оқып, соны өмірде қолдана білсең, онда ол жақсы деп ойлаймын
+2 дауыс
Кітап-ол сенің жан дүниең,өмірің тәрізді!Кітап арқылы сен бәрін де түсінесің,сенің жаңаша өмірге талпынуына зор септігін тигізеді,жақсылыққа тәрбиелейді,шынайылыққа үйретеді,кітапты көп оқыған адам-данышпан,дана,ойшыл адам десек те болады!
+1 дауыс
"Өмірге кітап көзімен қараудың" жақсы да, жаман да жақтары бар. Менің ойымша, адамның өмірге деген өзіндік көзқарасы болу керек. Ал кітап - нұсқаушы, бағдар беруші. Кітапты оқи отырып, жақсы жағын үйреніп, жаман жағын жиренгеннің өзі адамның өмірге деген жақсы көзқарасын қалыптастырады)
0 дауыс
Кітапты да сіз сияқты адамдар жазатынын ұмытпаңыз.
...