Гүл сататын дүкенде. Еркек:
– Маған ең әдемі, ең қымбат гүлдерден таңдап беріңізші.
– Әйеліңізге де бірдеңе алмайсыз ба?
/-----------------/
8 наурыз күні. Әйелі ыдыс-аяқ жуып тұр, күйеуі газет оқып жатыр:
– Жаным, бүгін мерекең ғой, ештеңе істемей-ақ қойшы. Ыдыс-аяқты ертең жуа саласың.
/-----------------/
Ерлі-зайыптылар:
– Жаным, мерекеңе қандай сыйлық әпергенімді қалайсың?
– Білмеймін...
– Онда ойлануға бір жыл уақыт беремін.
/-----------------/
8 наурыз күні түн жарымда үйіне келген күйеуіне әйелі:
– Бүгін мереке екенін тағы естен шығарып алдың ба, қайда жүрсің?
– Жаным, сен маған қарағанда ақылдысың ғой, өзің бір сылтау таба салшы...
/-----------------/
Тұжырым:
«Қымбат көліктің кілті сұлу қыздың да жүрегіне келе береді».
/-----------------/
Еркектің қиялы:
«8 Наурыз мерекесін 29 ақпанға ауыстырса, жақсы болар еді...»
/-----------------/
Гүл сататын дүкенде:
– Маған 101 тал раушан гүлін беріңізші.
– Жігітім-ау, сонша не бүлдіріп едіңіз?