0 дауыс
2.5k көрілді

4 жауап

+2 дауыс
Талапшыл болғанның несі зиян,талап ол- еңбек,ізденіс,арман!Талапшыл болған адамның керісінше бағы жанып,өнері ашылады!Талапшыл, ізденгіш адам ойлаған мақсатына жетеді, өмірден өзінің қалағанын табады.
Талап дегеніміз-өнер,алға қойған мақсат,сондықтанда талапшыл болғаннан,ешқандай зияндық көрген емеспін!Достар сендер де талапшыл болып,мақсаттарыңа жетіңдер!
+1 дауыс
Менің ойымша, талапшылдық қасиет болған өте жақсы, ал ол талапты орындай білу, тіптен жақсы. Былайша, логично)))

Талап қоюдың өзіндік плюстары мен минустары бар. Минусынан бастағанды ұнатамын. Кей адамдар, талапты жақсы қояды, бірақ оны өзі орындамайды, сонымен қоса, ол талапты басқаға қояды. Талаптың минусы осы шығар, яғни орынсыз талап ете берген адам, соңында өкініп қалады дегеннен басқа айтар жоқ. Және талап қойғанда да, өте қатты кетпеу керек. Себебі, әр нәрсенің өз мөлшері бар.

Талап қоя білу, ол жетістікке жетудің кепілдігі. Әсіресе, адам өзіне талап қойып, оны сауатты түрде орындай білсе, ол жақсы әрине. Талаптыға нұр жауар. Мәселен, дамыған Германия, Жапония сияқты елдер қалай дамыды деп ойлайсыз ғой, ол елдегі дамдардың өмір сүру принципінде бір өзгешелік бар, оның ішінде осы талап та кіреді. Жарайды, елдерді айтпағанда, кейбір өзін үлгі тұтатын тұлға ретінде қалыптастырған адамдар бар ғой, міне олар іштей өздеріне жақсы талап қояды. Және сонымен сауатты жұмыс жасайды деп ойлаймын.

Талап қойғысы келетін адам, алдымен талапты не үшін қойып жатыр, соны анықтап алу керек. Кейін ол мүмкін бе, соны және бір анықтау керек (меніңше адам талаптанған нәрсенің бәрі мүмкін), кейін оған жетуге қадам жасау керек. Міне, осылардың барлығы бір талаптың ішінде орындалатын механизмдер.
Талаптың минусы осы шығар, яғни орынсыз талап ете берген адам, соңында өкініп қалады дегеннен басқа айтар жоқ.

Бұл сөзге (ойға ма, пунктке ме) толық келісемін!
+1 дауыс
Талапшыл болу менімше зиян емес, бірақ өз деңгейімен болғаны жақсы болар еді. Адамның өресінен жоғары,әлі келмейтін нәрселерді талап ету зорлық болар еді.
+1 дауыс
Талапшыл болғанның зияны жоқ. Тек шектен шығып кетпесе болғаны. Адам талап қоя отырып, оны өзінің орындау мүмкіншілігіне сәйкестендіріп қою керек сияқты...
...