«Мыңнан үлкен жиеннің» құқы тіпті жоғары. Оның еркелігі мен іс-әрекеті барлық нағашыларына, яғни бір руға түгел жүреді. Оның бетін қайыруға нағашыларының құқы жоқ. Өйткені «жиен назары жаман». Ұрсуға да, ұруға да болмайды. Оның себебі «жиенді ұрғанның қолы қалтырайды». Бұл аз болса жиен қалаған малын, затын нағашылардан сұрамай-ақ алып жүре береді. Бұл ғажап дәстүр «Жиенқұрық» деп аталады.