+2 дауыс
117k көрілді
Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде өзінің елтаңбасы мен әнұранын, туы мен жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, оны қастерлей білуін талап етеді. Көк байрақ-туымыз – халқымыздың қасиетті, киелі белгісі. Ертеден-ақ халқымыз көк байрағы көтерілгенде «уа, аруақ, қолда!» деп, туды елдің, аруақтың киелі белгісі деп таныған. Сол көк байрақ астында батырлар сан рет жеңістерге жетіп, кең даласын, кемелді елін басқыншылардан қорғап қалған, оны өздерің білесіңдер.

Енді, балалар көк байрақтың жетілдірілген соңғы бейнесіне көңіл бөлейік. (тақтада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы ілулі тұрады). Бәйгеден озып шыққан бұл Тудың авторы – еліміздегі дизайнерлік өнердің іргетасын қалаушылардың бірі, Чехословакияда өткізілген (1961ж.) Халықаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз.
Сұрақтың жабылу себебі: Нақты жауабы табылды.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк,ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Пропорциясы 1:2 екені ұмытылмауы керек.

Мына сілтемеде жазылған.

...