0 дауыс
654 көрілді
Қазір көбі "агент" ауруымен ауырады (мен де). Ол рас. Сіздер агентте неше уақыт отырасыздар?

16 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Оның да себебі бар. Просто, бұны мен "масканың шешілуі" дер едім. Қарағым, пайдасы жоқ нәрсені біліп тұрып онымен уақытты кұр өткізсең де, өткізбесең де өзің біл, бірақ ең соңында өкінетін өзіңсің дегеннен басқа айтар жоқ.
Иә, агент адамның көп уақытын алады. Ақылыңызға рахмет. Бірақ, мен тек сабақ оқып болған соң, яғни қолым бос кезде отырамын.
0 дауыс
шынымды айтсам, компта отканымда, сабак жазу үстінде немесе бос отканда, комп бос болса киремін))) бурын коп отыратынмын, ка азайган))))
0 дауыс
15 күн бойы компьютермен агентте отырсаң содан кейін агентке кіргің келмей кетеді
Мен осы қыстан бері отырып келемін, алайда жалыққан жоқпын, мүмкін сөйлесеті ортақ тема бар болған соң шығар.
0 дауыс
кезінде көп отыратынмын жоқ, өөтеее көөөп отыратынмын, ал қазір осындай тектес форумдармен ауырамын))))))))))))
0 дауыс
Менің агенттім сабақтан келгеннен бастап кеше дейін қосулы тұрады,бірақ агент ауруымен ауыратындай  көп ешкіммен сойлеспеймін
0 дауыс
Жарты сағаттан да аз. оның өзі де кей кездері. көбінесе сенбі-жексенбі күндері.
+1 дауыс
қазақ десек бәрімізге тиеді - бірақ осы агентпен ауыру тек қана қазақтың таяз, миі жоқ жастарына ғана тән. элетронды пошта жәшігін ашса болды - сайт аштым деп есептейді. оларға м-агентке кірсе болды - интернетте отырмын деп есептейді - ақымақтар. олардың түсінігінше - интернет пен агент олар егіз. масқара.
0 дауыс
Мен де! Қазір тастайын деп жүрмин, өйткені ҰБТ-ға дайындық үстіндемін!
0 дауыс
менің отырғаныма 2 жылдай болып қалды
0 дауыс
Бұрын агенттен шықпай отыратынмын...Қазір кө-ө-өп кірмеймін:))Тіпті қызық емес болып кетті мен үшін:))
0 дауыс
Бұрында мен де агенттен шықпайтынмын) Қазір бос уақытымда, іш пысқан кезде ғана кіремін) Оның пайдалы жақтары да бар, жасырмаймын) Алайда, агентті тиімді пайдаланған жөн! Агент...агент деп уақытыңызды қалай жоғалтып алатыныңызды байқамай да қаласыз) [Мына жердегі][1] видеоны мұқият қарап шығыңызшы, Айдана)


  [1]: https://surak.baribar.kz/28787?start=10#a_list_title
0 дауыс
Бұрында интернет алғаш рет қосқанда көп отыратынмын. Содан кейін агентке көп кіргім келмейтін болып кетті, себебі көбі бос әңгіме айтады.
0 дауыс
Агент деген жақсы нәрсе деп айта алмаймын.. Сол агенттің кесірінен кезінде уақытым босқа кеткенін енді түсініп жатырмын. Агентте өзім қазір өте аз отырамын, кірмеймін деп шештім.  Агентте отканша бір жаксы тірлік істеп тастауға болады емес пе?! Жастар сендер де көп отырмауға тырысыңдар
0 дауыс
Мен қазір көп отыра бермеймін, себебі бұрынғы почтамды взломать етіп тастады. Сосын жаңа почта аштым, бірақ қазір агентте отырғым келмейді, бұрын көп отырдым
0 дауыс
агентке көп кірмейм, анда санда болмса......
...