Жалғыздық дегенді қалай түсінесіз?

0 дауыс
4.0k қаралым
нағыз Жалғыздық ол өзіңді түсінбейтін адамдардың арасында болу, өмір сүру деп білемін.... ал сіздердің ойларыңыз?
Психологиялық кеңес Белгісіз

2 жауап

+2 дауыс
Жалғыздық
Жігерді жасытып, бордай боп үгілем...

Қажыдым өмірдің сынынан, жүгінен.

Жырларым тамшылап жанардың түбінен,

Түнімен

Жыртылған жүректі жамаймын

Үзілген үміттің жібімен.

 

Күрмеуге келмеді қып-қысқа, шолтаңдап,

Тынысым тарылды, ащы өксік қолқамды ап.

Алыста түсінер достарым, ортам қап,

Сіз жайлы мөп-мөлдір армандар шақырып,

Асыққам...

Нем бар ед жол таңдап?!

 

Кеттіңіз таусылмас қиялды келтелеп.

“Бірге енді боламыз” деп сізге еркелеп,

Вокзалда аяусыз жылатқан жалғыздық,

Бұл жаққа жетіпті менен сәл ертерек.

Тағы да күйдірді, өртемек...

Жалғыздық тек Құдайға ғана жарасады дейді ғой негізінде,сондықтан жалғыздық деген ол өзіңді жоғалту,достықтың жойылуы,жапа шегу деп түсінемін!Жалғыздық басымызға берілмесін,тек жақсылықта,аман-саулықта жүрейік,Иншалла!
сіздің сөзінінізге толықтай қосыламын, амин! айтканыныз келсін!!!
+1 дауыс
Жалғыздықтан Алла сақтасын! Жалғыздық Жаратқанға ғана жарасады демекші, өмірде өзіңді жалғыз сезінбеуің қажет, жалғыз болсаң да! Бүкіл әлемде жалғыз өзің қалсаң, жалғыздық деуге болар) Ал айналаңда адамдар болғанда, сен жалғыз емессің) Менің ойым осындай...
Әрине қәзір біздер ешқашан жалғыз емеспіз.Достарымыз бар,солармен көңілді уақыт өткіземіз,одан қалса ғаламторда отырасын,ал ғаламторда отырып жалғызбын деу ол мүлдем мүмкін емес.Меніңше жалғыздықты көп сезінетіндер олар егде тартқан қарт кісілер.Өйткені олар үшін қартайған кезде өмірдің мәні қалмай өздерін жалғыз сезінеді деп ойлаймын.
Сөздеріңіздің жаны бар) Сізбен толықтай келісемін)
Қасымда достарым,жақын адамдарым көп болса да іштей қатты құлазып,өзімді жападан-жалғыз қалғандай сезінетін сәттерім болады.Бірақ ол тез ұмытылып кетеді
Тез ұмытылатыны жақсы екен) Өзіңізді жападан-жалғыз қалғандай сезінетін сәттеріңіз аз болсын, Han Ga In) Сіз жалғыз емессіз! Осыны ұмытпаңыз!)
127,725 сұрақ
322,321 жауап
153,195 пікір
72,721 қолданушы