Әбу Зәррден (р.а.) жеткен хадисте:
«Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): Шынтуайтында, мен сендердің көрмегендеріңді көрудемін. Аспан сықырға толды! Оның осылайша сықырлауы заңды да. Өйткені, аспанда періштелердің маңдайы тимеген төрт елідей бос жер жоқ. Аллаһтың атымен ант етейін! Менің білгендерімді білсеңдер, аз күліп, көп жылар едіңдер. Тіпті, әйелдеріңмен жылы төсекте жатып рахатқа батудан бас тартып, көше мен дала кезіп, жан дауыстарыңмен Аллаһтан медет тілеп, Оған жалбарынумен болатын едіңдер – деп айтты» – делінген.
Тирмизи риуаят еткен бұл хадиске не айтасыздар?