Мынау да сұрақ па? Еріккенің сөзі ғой, Қыз бала да осылай сұрай ма екен?
.
Ыдыс жуғанда бәрі жинақы болсын. Біріншіден, ыдыстарды рет-ретімен жинақтап ал, үлкенінен кішісіне қарай, қасық-шанышқыларды бөлек. Леген, тәрелке деген сияқты... Жинақтап алсаң шашыратпай, айналаңды су қылмай жуатын боласың, одан кейін бірінші шәй ішкен ыдыстарды, қасық шанышқылардан бастап үлкеніне қарай яки тазасынан майлылығына қарай рет ретімен жуып шығасын ыдыс жууға арналған сұйықтық қосылған суда. Қыру керек ыдыстарды қырғышпен жуу, болмаса алдын ала сулап қойсаң жібіп тұрады. Бәрін жуып болған соң таза суға екі-үш қайтара шайып ал, бастысы ыдыс-аяқ жуып жатқанда бар ынтаңмен істе, ойың басқа жақта болмасын. Жуылған ыдысты төңкеріп қой, болмаса марлымен құрғатып сүрт.
Қыз деген, жинақы ынталы болуы керек қой. Сонымен қатар анасынан үлгі алуы керек, ол болмаса әпкең бар, құрбың бар дегендей....
Ертең барған жеріңде әдемілігіңмен емес істеген ісіңмен, тазалығыңмен жағасың. Ыдыс жууға көп болса 10-15 минутың шығындалуы керек.
1 сағат, қуасың... 1 сағат ойлап тапқан сұрағың шығар бұл...