Қола дәуірі тұрғындарының діни көзқарастары қарапайм болды. Олар өлген адамдарын белгілі бір рәсімдермен жерледі. Мүрдені "жер-ананың" қойнына анасының құрсағында жатқан қалыпта қоюға тырысқан. Андрондықтардың түсінігінше өлген соң да "о дүниеде" тіршілік жалғасады. Сондықтан олар өлікпен бірге киім-кешегін , қару-жарағын, ыдыс-аяғын, тамағын қоса көмген. Андрондықтар күнге, отқа мінәжат еткен. Сонымен қатар олардың өмірінде бұрыннан келе жатқан тотемизм (шығу тегін жануармен байланыстыру), фетишизм (жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну), анимизм (жанға, рухқа сену) сияқты ғұрыптар да орын алды. Діни наным-сенімдері бойынша күнге, отқа, қасиетті жануарларға табынған. Олардың бейнелері көзенің сыртындағы өрнектерде, тастағы суреттерде, сынтастарда, әшекей бұйымдарда көптеп кездеседі. Бұл мәдениет кезіндегі тайпалардың тұрмыс-салты, кәсібі, қолөнері қазақ халқының тіршілігінде көп сақталған.
Мәлімет қазақша уикипедиядан алынды.