Нұрлан Оразалин → Мұқағалиды сағыну
Көктем де келер
көгеріп дала деміккен...
Шатынап аспан...
Шарқ ұрып көңіл желіккен.
қырмызы көміп қырқаны,
көз жауын алып көрікпен,
көктем де келер деміккен.
Тырналар қалқып,
жылғалар балқып,
қанатын жайып құс аппақ,
бұла сезіммен
буыршын тауды құшақтап;
қаз-үйрек көлді шулатып,
қанаты көкті пышақтап,
көктем де келер...
құс аппақ...
Табиғат тойын базарлап,
қара ағаш...
Емен...
құрысқан бойын жазар бақ.
Ақыны сүйген
бозала таңда,
боз Алатауға тіл бітіп,
бауырын аңсар
Нұрғиса көкем саз арнап,
құрысқан бойын жазар бақ.
Шыршаның ұшы бозданып,
көңілдің төрі қозданып,
перзентін іздер
көк пенен жердің арасы,
Жұмақ бағындай қозғалып,
жәудіреп аспан,
көз...
халық...
Көктем де келер деміккен,
тамырды, бойды еріткен,
сағыныш болып
сөйлеп бір ұлы махаббат
қараған...
Жусан...
Алма ағаш...
Шие...
Өріктен...
Іле мен Есіл,
Ертіс пен Жайық толғанып,
Алатау...
Алтай...
Оянар қысқы жеріктен.
Сөйлетіп жасып бау ішін,
сілкілеп түнгі тау ішін.
Биыл да...
Ертең...
Ертең де...
Сағынған қырға
жетеді Сенің дауысың.
Көктеммен бірге
арнасын сулар тепкенде,
армансыз жаңбыр төккенде
қайыра қаздар жеткенде,
Нұрлан Оразалин
«Арғымак, ойлар»
қуаныш, мұңға шомылып,
жер басып жүрген көп пенде,
ойлардан азап шеккенде...
Сенемін, аға, келесің,
келесің ылғи көктемде...
сәуір, 1976 жыл.