Сібір түйнемесі немесе жарасы (Anthrax) зооноздар тобына жататын, адамда сирек кездесетін қауіпті инфекциялық ауру.
Берілген аурудың қоздырғышы Bac anthiacis туралы, бірінші рет Полендер 1849 және Давин 1850 ж толық мәлімет берген болатын. Сібір жарасының қоздырғышын Кох 1876 таза культурдан бөліп алды. Сібір жарасының қоздырғышы ірі таяқшалы соңдары кесілген (1,5-9 мкм), Грам оң боялатын, мөлдір қабықшалы, қозғалысы шектеулі, шеттері шабылған, ірі пішінді микроб. Қанағаттанарлық жағдайда спора түзеді. Факультативті аэробтар қатарына жататын. Микробтың вегетативті өсетін түрінің тұрақтылығы спора түріне қарағанда едәуір төмен. Спора түрі басқа микробтарға қарағанда сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталып, тіпті 120-140 градус буда 2-3 сағаттай өмір сүре алады. Оны тек дезинфекциялық ертінділерімен ғана залалсыздандыруға болады (сумма 1:1000; 5% карбол қышқылының ерітіндісі, 10% хлорамин Б ерітіндісі).